Fake News

Фейк: «Вакцинацияланбаған адамдарға супермаркеттерде азық-түлік сатылмайды»

Қазнетте COVID-19-ға қарсы екпе алмаған адамдарға супермаркеттерде азық-түлік сатпайтыны туралы ролик пайда болды. Қазір дүкендерде орнатылып жатқан өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары ағзада вакцинамен бірге енгізілетін чиптің болуын анықтай алады екен. Егер мұндай чип болмаса, онда азық-түлік сатып ала алмайсыз. Бұл өтірік.

Таралған роликте супермаркеттегі өзіне-өзі қызмет көрсету кассасы көрсетілген, ал кадр сыртындағы дауыс оған орнатылған «текшелер» ағзада чиптің болуын анықтайдытынын айтады.

Шындығында, өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары ағзаны тексере алмайды. Олардың көмегімен сатып алған өнімдер үшін ақы төлеу үшін тауардың штрих-кодын сканерлеп, төлемді картамен жасау қажет. Бұл ретте биометриялық деректер керек емес.

COVID-19 қарсы вакциналарда чиптер жоқ. Олардың құрамына қандай да болмасын жоғары технологиялық құрылғыларды қосу мүмкін емес. Біріншіден, құрылғы дұрыс жұмыс істеуі үшін кем дегенде батареямен, процессормен, жады картасымен және деректерді қабылдау және беру үшін антеннамен жабдықталуы тиіс. Мұның бәрін қосқанда, ол едәуір үлкен болады және көзге көрінеді. Мысалы, қазіргі тері астына енгізілетін чиптердің көлемі күріш дәніндей ғана. Яғни, ол инъекцияға арналған қарапайым ине арқылы өтпейді.

Сондай-ақ, вакцинаның бір құтысында әдетте бірнеше доза болатынын ескерген жөн. Мысалы, Pfizer вакцинасының құтысында алты доза бар. Демек, теориялық тұрғыдан чип те алтау болуы керек. Яғни, мөлдір құтыдағы күріш дәніндей ғана алты құрылғы көрінеді, осыған орай, көп сұрақ тудайтыны анық.

COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы құпия емес және баршаға қолжетімді болуы үшін жарияланған. Қазақстандықтар елімізде тіркелген препараттардың тізімімен және олардың құрамымен ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында таныса алады.

Қорыта айтқанда, таратылған видео – фейк. Супермаркеттердегі өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары сатып алушының COVID-19-ға қарсы егілгенін анықтай алмайды, ал осы ауруға қарсы вакциналарда микрочиптер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button