Fake News

Фейк: «Тайваньда адамдар COVID-19 қарағанда вакцинациядан жиі өледі»

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Тайвань тұрғындары КВИ қарағанда оған қарсы екпеден жиі қайтыс бола бастағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат мәліметтермен манипуляция жасау болып табылады.


Ақпарат Желіде Тайвань Ауруларды бақылау департаментінің кезекті баяндамасынан кейін тарады. Онда адам денсаулығындағы кез келген өзгерістер және вакцинациядан кейінгі ықтимал жанама әсерлер туралы хабарламалар жинайтын VAERS пассивті бақылау жүйесінің нәтижелері ұсынылған. Ведомство вакцинадан кейін болған 854 өлім туралы хабарлады. Алайда, бұл вакцинация салдарынан болды дегеннің белгісі емес. Оның ішінде 501 адам 75 жастан асқан қарт адамдар және олар вакцинациядан кейін 4 ай ішінде көз жұмған. Көбіне ауыр созылмалы аурулар диагнозы қойылған.

«Бұл оқиғалар вакцинациядан кейінгі уақыт ішінде болды, бірақ бұл вакцинациядан туындаған дегеннің белгісі емес. Вакцинаның жанама әсерлерін хабарлау жүйесі (VAERS) – пассивті бақылау жүйесі. Жанама әсерлер туралы хабарламалардың санын вакциналармен байланысты проблемалардың болуы мен ауырлығын анықтау үшін түсіндіруге немесе пайдалануға болмайды. Қорытынды ғылыми ақпарат аясында жасалуы тиіс», – делінген есепте.

COVID-19 және вакцинациядан кейінгі өлім-жітім көрсеткіштерін салыстырудың өзі манипулятивті әрекет болып табылады. Себебі вакцинацияланған адамдарда ауру жұқтыру қаупі бар, әсіресе иммунитет әлі қалыптаспаған кезеңде. Өз кезегінде, COVID-19 созылмалы аурулардың өршуіне ықпал етуі мүмкін.
13 қазандағы жағдай бойынша Тайваньда 18 766 730 адам егілді. Мамыр айында елде індет ошағы тіркелгеннен кейін вакцинация қарқынын арттырылды. 14 маусымнан бастап COVID-19 қарсы егілгендер саны өсіп, аурушаңдықтың төмендегені байқалуда. Салыстыру үшін, маусым айында Тайваньда халықтың 3,58% вакцинацияланды, коронавирус жұқтырғандар саны 11,5 мыңнан асты. Ал 13 қазандағы жағдай бойынша тұрғындардың 57,8% егілді, 145 адам COVID-19-дан емделуде.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button