Фейк:«Аязда бетперде тағу қауіпті»
Әлеуметтік желі қолданушылары аязды күні медициналық маска тағудан қорқатындарын жазуда. Кейбір қазақстандықтардың пайымдауынша, бұл қауіпті болуы мүмкін және оны «билік тарапынан жасалған қачтандық деп санауға болады» деп санайды. Шын мәнінде, ауа-райына қарамастан, медициналық маскалар ешқандай қауіп төндірмейді.
Медициналық маскалар арнайы материал спанбондтан жасалады. Оның артықшылықтарының бірі- жоғары және төмен температураларға төзімділігі. Сондықтан, төмен температурада медициналық маска өзінің қасиеттерін жоғалтпайды.
Мұны дәрігерлер де растады.
– Нөлден төмен температурада маскалардың әсері нөлден жоғары температурадағы әсеріненқандай айырмашылфғф бар? Білмеймін. Бұл тосқауыл емес пе? – деді дәрігер және зертханалық диагностика сарапшысы Александр Соловьев E1.ru. тілшісіне берген сұхбатында.
Алайда, қыста медициналық масканың жағдайын мұқият бақылау керек. Ол тыныс алу мен температураның айырмашылығының ылғалдануы мүмкін. Бұл жағдайда масканы ауыстыру керек.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңәзді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.