Медициналық фейктер

Фейк: «Оқушыларға COVID-19-ға қарсы мұрынға егілетін вакцина салынды»

Қазнетте «Гриппферон» тамшылары деп оқушыларға COVID-19-ға қарсы мұрынға егілетін вакцина берілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл өтірік.


Қазақстанда COVID-19-ға қарсы мұрынға егілетін вакцина тіркелмеген, яғни оны елімізде алу мүмкін емес.

Мұндай препарат Ресейде жасалды және ол 2022 жылдың қазан айынан бастап Мәскеуде алуға болады. Препарат әдеттен тыс жолмен егіледі: пациенттің мұрнына иненің орнына көптеген микроскопиялық тесіктері бар арнайы құрылғысы бар шприц енгізіледі. Оны басқан кезде вакцина осы тесіктер арқылы жұтқыншаққа өтіп, ауруға жергілікті иммунитет қалыптастырады.  «Гриппферон» препараты – бұл Қазақстанда мұрынға арналған тамшылар түрінде сатылатын иммуномодулятор. Оны қабылдау үшін арнайы саптамасы бар шприц қажет емес.
Мектептің медициналық пунктінде болуы тиіс алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамына «Гриппферон» кірмейді.

Covid-диссиденттер қазақстандық ата-аналарды мектептерде балаларды жасырын түрде вакцинациялайды деп бұған дейін де қорқытып келген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бірнеше рет мәлімдегендей, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация ерікті болып табылады.

Фейк: «Егілмеген жоғары сынып оқушылары мектепке жіберілмейді»

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button