Фейк: «Планетадағы барлық адамның өлімінен пайда көретін «алтын миллиард» бар»
Желіде ресейлік псевдоғылым қайраткері Петр Гаряев адамзатқа қарсы дүниежүзілік қастандық туралы айтқан видео тарады. Бүкіл әлемді жойып жіберетін «алтын миллиард» бай адам бар екен. Бұл өтірік.
Петр Гаряевтің теориялары псевдо ғылыми болып табылады. Биолог ғалымдар оларды бірнеше рет жоққа шығарды. Оның «толқындық геном» идеясын ауыр науқас адамдар арқылы пайда табатын алаяқтар қолданады. Гаряев ДНҚ-да толқын түріндегі ақпарат бар деп мәлімдейді. Бірақ бұл тақырыпта тәжірибе жүзінде дәлелденген бірде-бір зерттеу жоқ.
«Антропогенез.ру» ғылыми-ағарту порталы «ВРАЛ құрметті академигі» антипремиясын бекітті.
Гаряев үш рет осы сыйлықтың жартылай финалисті болды.
«Алтын миллиард» тұжырымдамасын кеңестік экономист және жазушы Анатолий Цикунов ойлап тапқан. Ол бірнеше кітап жазған, оның ішінде «Әлемдік үкімет қастандығы: Ресей және алтын миллиард» атты туынды бар. Басылым өткен ғасырдың 90-жылдарында шыққан. Содан кейін «алтын миллиард» терминін орыс химигі, тарихшысы және саяси қайраткері Сергей Кара-Мурза пайдаланды. Ол оны өз сөзінде бірнеше рет қолданған. Кейінірек «алтын миллиард» ресейлік конспирологтар арасында танымал болды.
«Алтын миллиард» теориясы неге негізделген? Жердегі халықтың көптігіне байланысты шетелдік элиталар планета халқын жою туралы шешім қабылдаған. Сонда Жер бетінде тек 1 миллиард адам қалады, барлық ресурстар солардың қолында болады. Бұған нақты дәлел жоқ.
Петр Гаряевтің айтуынша, химтрейлдердің көмегімен халықтың саны азайтылады. Химиялық заттарды ауаға шашу әйелдердің ұрпақты болу қабілетін бұзады. Химтрейлер қастандық теорияларында бұрыннан қолданылып келеді. Бұл туралы ондаған фейк бар. Фактчекерлер химиялық заттар мен бактерияларды шашатын ұшақтар туралы жалған ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарды.