Әлеуметтік желілерде Тимур мен Динара Құлыбаевтардың жалған аккаунттары пайда болды
Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде «Атамекен» ҰКП басшысы әрі ірі кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың, сондай-ақ оның жұбайы Динара Құлыбаеваның жалған аккаунттары пайда болды. Анонимді пайдаланушы оның атынан қарапайым хабарламалар жазып, фотосуреттер жариялауда, түрлі ұтыс ойындарын өткізіп, ақша таратамын деп пайдаланушыларды алдауда, деп жазады inbusiness.kz.
Әр хабарламада аккаунттың шын екендігін дәлелдеу үшін түрлі ой-пікірлер жазылған. Айта кетейік, қазір әлеуметтік желілерде арандатушылар мен алаяқтар белсенді жұмыс істеуде. Олар жалған аккаунттар ашып, түрлі ұтыстар өткізеді, сыйлықтар беріп, басқа да жалған ақпараттар таратады. Осындай фейк аккаунттар мемлекет пен бизнестің басты тұлғаларының атынан ашылып жатыр. Осыған байланысты inbusiness.kz пайдаланушыларды неғұрлым мұқият болуға және тексерілмеген ақпаратқа, оның ішінде әлеуметтік желілердегі осындай парақшаларда жарияланғандарға сенбеуге шақырады.