Фейк аккаунттар

Интернетте алаяқтар танымал брендтердің атынан алдауда

Желіде KFC жылдам тамақтану мейрамханалары мен Magnum супермаркеттері желісінің жалған сайттары пайда болды. Интернет-ресурстар пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, ақша алуды немесе тегін өнімдердің ұтысына қатысуды ұсынады. Бірақ компаниялардың өзі мұндай акцияларды ұйымдастырмаған.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Magnum Cash&Carry компаниясы жариялаған сауалнамадан өтуге үндеулер таратылуда. Сұрақтарға жауап бергені үшін қазақстандықтарға супермаркеттер желісінің кез келген өніміне 30000 теңгеге дейін жеңілдік купоны берілмек.

Компания мұндай акция өткізіп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Таратылымдарда анонимді түрде сауалнамадар өткендерге белгілі бір мөлшердегі сомаға купон берілетіні туралы айтылған. Бұл хабарламалар шындыққа жанаспайды және «Magnum Cash&Carry» ЖШС қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз», – делінген компанияның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Хакерлер таратқан тағы бір спам KFC жылдам тамақтану мейрамханалар желісінен тауықтың 3000 порциясының ұтысына қатысуды ұсынады.

Хабарландыруда көрсетілген сілтеме ықтимал вирустық сайтқа апарады. Бұл компания да ұтыс туралы қауесетті растаған жоқ.

«Бұл хабарламаның бізге ешқандай қатысы жоқ. Оны елемеулеріңізді сұраймыз. Бұл спам», – делінген KFC Kazakhstan-ның StopFake.kz тілшісінің жолдаған сауалына берген жауабында.

UPD. KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің хабарлауынша, қазір magnum.cash және khabib.camry.com фишингтік сайттарының жұмысы тоқтатылды.

– Алаяқтық ресурстар туралы ақпарат азаматтардың Телеграм мессенджеріндегі ҚР ақпараттық қауіпсіздік чатына жүгінуі арқылы пысықталды, – деп хабарлады ведомстводан.

 

Бұған дейін Қазақстанда хакерлік спам-таратылымдардың жиілегені туралы жазған болатынбыз. Осылайша қылмыскерлер жеке мәліметтерді, банк карталарының деректерін алады және желідегі пайдаланушылардың белсенділігін бақылайды.

KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мамандары компьютерлерге вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатуға, күмәнді сайттарға өтпеуге және Өзіңіз білмейтін бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктемеуге кеңес береді.

Белгісіз мекен жайлардан жіберілген хаттарда тіркелген файлдарды жүктемеңіз немесе қалқымалы терезелердегі жарнамалық сілтемелерге өтіп, осы форматта ұсынылған өнімдерді сатып алмаңыз.

Күмәнді сайттарда жеке мәліметтерді қалдырмаңыз, браузерде маңызды шоттар мен банк карталарының құпия сөздерін сақтамаңыз.

Осындай OLX.kz платформасының ұқсас көшірме-сайты жасалған. Компанияның қауіпсіздік қызметі сайттың мекен-жайын мұқият тексеріп, оны ресми атауымен тексеруге кеңес берді.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button