Фейк: «Емделуші» сөзі хинди тілінен аударғанда «олар азап шегуі керек» дегенді білдіреді»
Әлеуметтік желілерде «емделуші» және «дәрі-дәрмек» сөздерінің мағыналары туралы теориялар айтылуда. Бұл сөздердің этимологиясын білу үшін пайдаланушылар оларды латын тіліне аударып, белгілі бір тәртіппен бірнеше бөлікке бөледі және Google аудармашының көмегімен әртүрлі тілдерде сәйкестіктерді іздейді. Мұның бәрі манипуляция.
Сөздің этимологиясын бөліктерге бөліп, оларды кездейсоқ таңдалған тілге аудару арқылы анықтау мүмкін емес екені анық. Мұндай тәсілмен алынған нәтиже дұрыс болмайды. Мысалы, «қызым» сөзі ағылшын тілінде daughter. Егер оны daug және hter деп екіге бөлсек, Люксембург тілінен аударғанда бұл «әлдеқайда көп» дегенді білдіреді. Ал бұл сөз тіркесінің «қызым» сөзіне қатысы жоқ және оның «құпия мағынасын» ашпайды.
Бұл «емделуші» сөзіне де қатысты. Ағылшын тілінде ол patient деп жазылады. Роликтің авторы оны екіге бөліп жазады: pati және ent, оны хинди тілінен аударғанда «олар азап шегуі керек» деген сөйлем шығады. Біз осы сөзбен видеодағы барлық манипуляцияларды жасап, басқа нәтижелер алдық. Google аудармашының мәліметінше, pati ent сөздері хинди тілінен «күйеу» деп аударылады.
Алайда, оның «емделуші» сөзінің нақты этимологиясына ешқандай қатысы жоқ. Бұл сөз patientem латын сөзінен шыққан, яғни «азап шегу» дегенді білдіреді және 14 ғасырда ағылшын тілінде белгілі бір бейнетке төтеп беруге мәжбүр болған адамдарға қатысты қолданылған. Кейіннен сөздің мағынасы сәл өзгеріп, аурып, емделіп жүрген адамдарға қатысты қолданыла бастады.
Таралған видеода «дәрі-дәрмек» сөзі «олар мені өлтіреді» және «маған өтірік айт» дегенді білдіреді деп айтылады. Бұл да фейк. Біріншіден, осындай манипуляцияларды жасау арқылы «маған пікір» және «дәрмек» деген сөздер шығады.
Екіншіден, «дәрі-дәрмек» сөзі medicamentum латын сөзінен шыққан. Өз кезегінде, ол medicus – «емдік» сөзінен пайда болды. Бұл сөз mederi туындысы болып табылады, бұл «айықтыру» дегенді білдіреді. Бұл сөздердің барлығының түбірі «өлшеу» дегенді білдіретін жалпы үнді-еуропалық Med сөзі.
Демек, көрсетілген видеолар манипулятивті және көрермендерді әдейі шатастырады. Сөздер этимологиясын анықтаудың қолданылған әдісі дұрыс емес, ал алынған «мағыналардың» таңдалған сөздердің шығу тегіне ешқандай қатысы жоқ.