Fake News

Фейк: «Бейтаныс ұшатын нысан видеоға түсіп қалған»

StopFake.kz редакциясына хабарласқан оқырманымыз бейтаныс ұшатын нысан видеосының түпнұсқалығын тексеруімізді сұрады. Нысан адамдардың көз алдында пайда болған. Шын мәнінде, бұл – әзіл.


Түпнұсқа видео «АнапаСити» YouTube арнасында жарияланды. Онда роликтің 2020 жылғы 1 сәуірде түсірілгені жазылған.
Видеоның әзіл екенін оның басқа да осы сияқты видеолармен бірге бір тізімде орналасқанынан да байқауға болады. Мысалы, онда Анапада құлаған метеорит туралы видео бар, онда компьютерлік монтаждың белгілері бірден көзге түседі.
Тағы бір видеода аспанда қалықтап ұшып бара жатқан киттер көрсетілген, ал пайдаланушылар мұндай видеоны өз бетінше оңай және жылдам жасауға болатыны жайлы пікірлерін жазған.
Сондай-ақ арнада жағажайда демалып жатқан адамдардың температурасын өлшейтін «COMUTOHEROVATO» деген күлкілі атауы бар «медициналық дрон» көрсетілген видео да жарияланған. Оның сипаттамасында #анапашутит хэштегі жазылған, яғни бұл әзіл, «медициналық дронның» жоқ екені анық.
Қорыта айтқанда, редакцияға келіп түскен видеодағы ұшатын нысан – жақсы монтаждың нәтижесі. Бұл ролик – 1 сәуірдегі әзіл.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button