Фейк: «мРНҚ вакциналарын жасаушы вирустың жаңа нұсқалары вакцинацияланған адамдардың денесінде пайда болады деп мәлімдеді»
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар, мРНҚ вакциналарын жасаушы SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа нұсқалары жаппай вакцинацияға байланысты пайда болады деп мәлімдегені туралы жазуда. Вирус тек вакцинацияланған адамдардың денелерінде ғана мутацияға ұшырайды, демек жаппай вакцинацияны тоқтату керек. Бұл пікір ғылымға қарсы және түбегейлі дұрыс емес.
Хабарламада вакцинацияланған адамдардың денелеріндегі Sars-CoV-2 вирусының мутацияға ұшырау теориясын мРНҚ вакциналарын жасаушы Роберт Мэлоун алға тартқаны айтылған. Алайда, оның СOVID-19-ға қарсы иммундау препараттарын әзірлеуге ешқандай қатысы жоқ және оларды жасаушы болып саналмайды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
мРНҚ технологиясының негізін жасаған ғалымдар – Каталин Карико мен Дрю Вайсман.
Дегенмен, Мэлоун өзін мРНК вакциналарын «жасаушы» ретінде көрсетіп, препараттар туралы жалған ақпарат таратуды жалғастыруда. Бұған дейін ол осы технологияны қолдану арқылы жасалған вакциналар өте қауіпті деп мәлімдеген.
Манипуляция: «мРНҚ технологиясын әзірлеуші вакциналарды қауіпті деп атады»
Ағымдағы жылдың 5 қазанында ол экономист Питер Наварромен бірге Washington Times газетінде вакцинация қауіпсіз емес, егілген адамдардың иммунитеті сенімді емес және жаппай екпеден жаңа штаммдар пайда болатындығы туралы мақала жариялады.
Ғылыми қауымдастық өкілдері бұл тұжырымдарды бірден «ғылымға қайшы» деп мәлімдем, сынға алды.
– Керісінше, вакцинация жаңа нұсқалардың пайда болуын болдырмау үшін барынша көп адамға тез арада екпе салу өте маңызды. Вирус вакцинациядан мутацияға ұшырамайды, бұл вирус, әлемдегі кез келген вирус мутацияға ұшырауы мүмкін», – деді Сингапурдағы ғылым, технология және зерттеу агенттігінің жұқпалы аурулар зертханасының ғылыми қызметкері және иммунолог Анжелин Роуэрс health Feedback басылымына.
Сонымен қатар, басылым Мэлоунның идеяларын жоққа шығаратын басқа да ғалымдардың егжей-тегжейлі пікірлерін келтірді.
Вакцинацияланған адамдардың денесінде жаңа нұсқалар пайда болады деген идея фактілерге қайшы келеді. Sars-CoV-2 коронавирусының барлық төрт нұсқасы 2020 жылы, жаппай вакцинация басталғанға дейін шыққан.
Ағымдағы жылдың ақпан айында The Conversation басылымы вирустың жаңа нұсқалары қалай және неге пайда болатынын түсіндіретін егжей-тегжейлі материал жариялады. Мақалада бұл құбылыстың негізгі себебі ретіне адамдар арасында патогеннің кең таралуы көрсетілді.
Sars-CoV-2 вирусының РНҚ генетикалық кодында шамамен 30 000 әріп бар. Вирустың репликациясы немесе көбеюі кезінде осы әріптердің кез келгенінде қате пайда болуы мүмкін. Мұндай қателіктер вирустың таралу тізбегінде шамамен екі апта сайын болады. Олардың көбі маңызды емес, бірақ кейбіреулері вирустың әсері мен қасиеттеріне әсер етуі ықтимал. Бұл жағдайда патогеннің жаңа нұсқасы пайда болады.
Қорыта айтқанда, жаппай вакцинация SARS-CoV-2 вирусының жаңа нұсқаларының пайда болуына әсер ете алмайды. Ғалымдар Роберт Мэлоунның мұндай мәлімдемелерін негізсіз және фактілерге қайшы деп санайды, ал Роберт Мэлоунның өзі өзін мРНК вакциналарын әзірлеушімін деп атаса да, бұл олай емес.