Fake News

Фейк: «Тікұшақтар қалалардың үстінен ауру шашады»

Facebook-те Ақтау үстінен тікұшақтар вирус «шашады» деген хабарлама жарияланды. Бұл теорияны ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.


Ведомствоның хабарлауынша, тікұшақтар оқу-жаттығу ұшуларына жұмылдырылды. Олар вирус та, улы химикаттар да шашқан жоқ.

– Әскери даярлық жоспарына сәйкес, аптасына бірнеше рет барлық авиациялық базаларда ұшу дағдылары мен кәсіби шеберлік деңгейді қолдауға бағытталған оқу-жаттығу ұшулары өткізіледі. Ұшулар таңертең ерте басталады және ауа температурасы +35 градустан жоғары көтерілгенде аяқталады. Сондай-ақ ұшу құрамын даярлау бағдарламасында түнгі ұшулар қарастырылған. Әуежай Ақтау қаласына тікелей жақын орналасқандықтан, ұшу маршрутының бір бөлігі қала аудандарына жақын орналасқан, – делінген Министрліктің ресми жауабында.

Сондай-ақ, әскери ұшақтар мен тікұшақтар қандай да болмасын сұйықтық шашу үшін қажетті арнайы аспалы жүйемен жабдықталмаған. ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК иелігінде бар аспалы жүйелер тек қана сумен толтыруға арналған және оларға басқа сұйықтықтарды құю мүмкін емес. Бұл жүйелер өрт сөндіру кезінде қол жетпейтін жерлерде дала, орман өрттерін сөндіру үшін қолданылады.
Ұшақтар мен тікұшақтардан у шашу теориясы қастандық теориясын жақтаушылар арасында кеңінен таралған. Алайда жылдар бойы оған растаулар табылған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button