Медициналық фейктер

Маска тағудан қандағы кортизол деңгейі көтерілмейді

Қазнетте медициналық маскалардың зияны туралы қауесеттер әлі де таратылуда. Бұл жолы карантиндік шектеулерге наразы адамдардың пікірінше, жеке қорғаныс құралдары қандағы кортизол деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Бұл ақпараттың ғылыми негізі жоқ.


Кортизол – бүйрек үсті бездері шығаратын гормон. Ол ағзаның көмірсулар алмасуына жауап береді және стресстік реакциялардың қалыптасуына қатысады. Оның қандағы деңгейі тұрақты емес – таңертең оның концентрациясы кешкіге қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Себебі, кортизол таңертең, негізінен 7.00-ден 10.00-ге дейін бөлінеді.
Қандағы кортизол деңгейі ауыр аурулардың әсерінен төмендеуі немесе көтерілуі мүмкін, бірақ жеке қорғаныс құралдарын таққаннан емес.
Бұл гормонның концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына мидағы жаңа ісіктер, өкпе, бауыр және басқа мүшелердегі қатерлі ісіктер, аденома немесе бүйрек үсті безінің басқа қатерлі ісіктері, бауыр циррозы және қалқанша бездің патологиясы әкелуі мүмкін.
Кортизолдың жетіспеушілігі цирроз және бауыр гепатитін, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, қалқанша без ауруы немесе Аддисон ауруы сияқты туа біткен патологияларды тудыруы ықтимал, нәтижесінде бүйрек үсті безінің функциясы төмендейді.
Кортизолдың қалыпты деңгейінен ауытқуының басқа себептері – СПИД, аналық без поликистозы, қант диабеті және АКТГ, кортизон, глюкокортикоидтар, эстрогендер, құрамында атропині бар бірқатар препараттарды қабылдаудың салдары.
Медициналық маска тағудың кортизол деңгейіне әсері туралы расталған деректер жоқ.

Бұған дейін StopFake.kz медициналық маскаларды тағу көмірқышқыл газымен улану мен гипоксия тудырады, сондай-ақ, саңырауқұлақ инфекциясының өршуіне және COVID-19 қайта жұқтыруға себеп болып табылады деген мифті жоққа шығарған болатын.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button