Маска және балалардың саңырауқұлақ инфекциясы – қазақстандықтар фейк хабарлама таратуда
«Ояныңдар!» деген үндеумен және «Венада маска таққандықтан өкпенің саңырауқұлақты инфекциясымен 10 бала ауруханада жатыр» деп жазылған пост Unzensiert (неміс тіл. аудар. «Цензурасыз») Telegram-арнасында жарияланды. Мәтінде бұл ақпаратты дәрігердің растағаны айтылады, бірақ автор ешқандай сілтемелер келтірмеген, дәрігердің де атын атамаған.
Жарияланымда қандай да бір растайтын фактілердің жоқтығына қарамастан, пайдаланушылар хабарламаны мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде, оның ішінде қазақстандық желілерде де тарата бастаған. Twitter-дегі кейбір адамдар «бұл ақпарат қайдан шыққан? Неге дәрігердің аты, кем дегенде балалар жатқан медициналық мекеменің атауы жоқ?» деп жазған. Автор бұл сұрақтарға жауап таба алмаған.
Басқа пайдаланушылар жарияланымның фейк екені анық дейді және оны таратқандарды ұялтуда.
«Осындай жалған хабарламаларды фотосуреттермен жариялағаныңыз ұят екен…» (неміс тіл. аударма)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлімдеуінше, 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға болады, оның жанама әсерлерге еш қатысы жоқ.
«Бұл ұсыным қауіпсіздік тұрғысынан, баланың жалпы мүдделерін, сондай-ақ өзгенің көмегінсіз маска тағу ережелерін сақтау қабілетін ескере отырып жасалды», – делінген ДДСҰ хабарламасында.
ДДСҰ және ЮНИСЕФ-тің пікірінше, 6-11 жастағы балаларға бетперде тағу қажеттілігі туралы шешімдер оның тұратын аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды, баланың масканы дұрыс пайдалану қабілетін, ересектер тарапынан бақылаудың болуын және тәуекел топтағы адамдармен (мысалы, қарт адамдармен) ықтимал өзара қатынасын ескере отырып қабылдануы керек).
ДДСҰ және ЮНИСЕФ 12 жастан асқан балаларға ересектермен бірдей жағдайларда – адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе инфекцияның жаппай таралу аудандарында қашықтықты сақтау мүмкін болмаған кезде бетперде тағуға кеңес береді.