Beeline Қазақстан азаматтарына «COVID индексін» бермейді
Қазнет пайдаланушылары Beeline мобильді операторы клиенттеріне ұсынатын «COVID индекс» функциясы үшін алаңдауда. Кейбіреулерінің пайымдауынша, қосымша қандай да бір жолмен азаматтарға жеке код беріп, олардың қозғалысын бақылайды. Бұл олай емес.
Жаңа «COVID индексі» қызметі туралы оператордың ресми сайтында биылғы жылдың маусым айында хабарланған болатын. Бағдарлама мобильді құрылғының иесі роумингте ме, өзін-өзі оқшаулау режимін қаншалықты жиі бұзады, адамдар көп жиналатын орындарға бара ма деген сияқты GPS деректерінің негізінде COVID-19 жұқтыру қаупін бағалай алады.
– Сервис пайдаланушының сұрауы бойынша жұмыс істейді, сондықтан ол құпия болып табылады, ал ақпарат тек клиентке ғана ұсынылады, – деп атап өтті Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
«COVID индексі» – бұл нақты бір адамға берілген номер емес, инфекция жұқтыру қаупін бағалау. Қозғалыс деректерін GPS сенсорларымен жабдықталған барлық құрылғылар оқиды. Бұл қызметтің арқасында навигатор қосымшалары және смартфондардың көптеген модельдеріне әдеттегідей енгізілген телефонды іздеу опциясы жұмыс істейді.