Fake News

Қарақұйрықтарды аулауға қатысты видео Маңғыстауда түсірілмеген

Facebook-те «МЕН-МАҢҒЫСТАУЛЫҚПЫН!» тобында аң аулау барысы түсірілген видео жарияланды. Автордың айтуынша, бұл қазақстандық Қызыл кітапқа енген жануарларды құртуға келген араб аңшылары.
Шын мәнінде, бұл кадрлардың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Видео үстіміздегі жылдың қаңтарында Сауд Арабиясында түсірілген.


Оператор қарақұйрықтарды атқан сәттерді түсірген. Қолына қару ұстаған көліктегі бір топ адам төрт жануардың соңына түскен. Кадрлар Сауд Арабиясында үлкен резонанс тудырды.

Ел тұрғындары видеролик кейіпкерлерін тауып, заң бойынша қатаң жазаға тартуды талап еткен. Осыдан кейін ел билігі тергеу жұмыстарын бастаған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес, көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Егер таратылған жалған ақпарат қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырса немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, онда жалған хабарлардың авторларына ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button