Fake News

Фейк: «Шетелге шыққан Қазақстан азаматтарын бақылайды»

Қазнетте төлқұжатының форзацын мұқабадан жыртып тастаған ер адамның видеосы таралуда. Оның арасында шетелге шыққан ел азаматтарын бақылайтын микрочип бар екен. Бұл өтірік.

ҚР ІІМ түсіндіргендей, ҚР азаматтарының төлқұжаттарындағы чиптер бақылау үшін емес, құжат иесі туралы ақпаратты сақтау үшін пайдаланылады.

Бұл «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысында көрсетілген.
Осы қаулының 2-бабында ҚР азаматының паспортында кемінде сыймдылығы 64 Кб жадымен микросхема бар, онда ««қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады» деп жазылған. 
Микросхема GPS немесе басқа навигациялық технологиялармен жабдықталмаған, сондықтан ол арқылы біреуді бақылау мүмкін емес. 

– Қазақстанда электрондық паспорттар, сондай-ақ микросхемасы (чипі) бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Электрондық құжаттар ICAO халықаралық стандартының (DOC 9303 стандарты) барлық талаптарына сәйкес келеді. Чип азамат туралы Жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Төлқұжаттарда электрондық чип Қазақстан Республикасының азаматы паспортының мұқабасы мен төсемінің арасында орналасады және паспорттың иесі туралы ақпараттың электрондық тасымалдаушысы болып табылады, онда қорғалған цифрлық форматта азаматтың дербес деректері (Тегі, Аты, Әкесінің аты, күні, туған жері, жылы), ЖСН, фотобейнесі және электрондық цифрлық қолтаңба жазылады, – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, төлқұжаттардағы микросхемалар шекара өткізу пункттерінен өтуді жеңілдету және басқа елдердің паспорттық-визалық бақылауы және құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмау үшін қажет.
Мұндай микросхемалар АҚШ, Канада, Еуроодақ, Қытай, Жапония, Малайзия, Сингапур, Австралия, Балтық елдері және ТМД сияқты бірқатар басқа елдерде де қолданылады.
Демек, Қазақстан паспорттарында бақылау құрылғылары бар деген ақпарат – өтірік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button