Fake News

Ақтөбе облысының ПД мандарин жегеннен кейін балалар қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды

What ‘ sApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада қазақстандықтарға апельсин мен мандарин жемеуге кеңес беріледі. Ақтөбеде жеміс жеген бірнеше бала қайтыс болған екен. Бұл фейк.

Ақтөбе облысының полиция департаменті өмірге қауіпті жемістер туралы ақпарат жоққа шығарды.
– Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Сондай – ақ, ҚР қолданыстағы заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске саламыз, – делінген департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Police AKTOBE (@policeaktobe)

Бұған дейін StopFake.kz осыған ұқсас ақпаратты жоққа шығарған болатын. Онда қазақстандықтарға құрамында қауіпті вирус бар деп банан жемеуге кеңес берілген еді.

Фейк:«Бананда кездесетін жаңа вирустан 23 адам қайтыс болды»

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған тоқ ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button