Fake News

“Чехияда көшеде бетпердесіз жүруге болады” – манипуляция

Қазнетте COVID-19 күресте маскалардың қаншалықты тиімді екендігі туралы дау толастар емес. Бұл шараның қарсылық танытатындар дәлел ретінде Чехияда көшеде бетпердемен жүру туралы бұйрықтың алып тасталғаны туралы ақпаратты алға тартуда. Прага қалалық сотында осындай шешім қабылданғаны рас, бірақ бұл қорғаныс құралдары тиімсіз болғандықтан емес, бұл шараға заңды негіздеменің жеткіліксіздігіне байланысты жасалды.

Прага қалалық соты көшеде бетпердемен жүруді тоқтату туралы шешімді 13 қарашада қабылдаған.

«…Сот қазіргі уақытта белгіленген көлемде тыныс алу органдарын қорғау құралдарын міндетті түрде тағуды талап ету қажет пе деген мәселені тиімді және жауапкершілікпен қарастыру үшін нақты, түсінікті және негізді пікірлер жеткіліксіз», – делінген сот шешімінде.

Сот індетке байланысты қауіптерді жеңілдетуді қаламайтынын және мұндай шаралар қажет емес деп мәлімдемейтінін атап өтті.

Бұл шешім 21 қарашада заңды күшіне енуі керек еді. Алайда Чехия Үкіметі төтенше жағдай режимін 20 желтоқсанға дейін ұзартты. Осылайша, елде дүкендерге келушілер санына қойылған шектеулер сақталады, сондай-ақ көшеде, қоғамдық көліктерде және үй-жайларда міндетті түрде маска тағу керек.

Кейбір ерекше жағдайларда, мысалы, сабақтарда оқушыларға оқытушының артикуляциясын көру қажет болған кезде, мұғалім мен оқушылар арасында кемінде екі метр қашықтық сақталған жағдайда, қорғаныс экранын пайдалануға рұқсат етіледі.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button