Fake News

Манипуляция: «Желіде белгісіз ұшатын нысандар видеосы тарады»

Танымал Telegram-чатта қазақстандықтар сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлармен бөлісуде. Онда аспанда қалықтаған жарқыраған заттар көрінеді. Сондай-ақ, видео астынан оның жаңа және Лас-Вегаста түсірілгені, ал жарқыраған заттар «саябақты күзетшілер» деп жазылған. Бұл жалған.

Бұл ролик туралы Желіде 2019 жылғы 28 желтоқсанда айтылған. Оны Heidi Lea атты қыз өзінің Youtube арнасында жариялаған. 2020 жылғы 22 қаңтарда ол осы роликті өзінің Twitter-дегі парақшасында шығарған.
Бұл ретте екі жағдайда да қыз кадрлардың қашан түсірілгенін жазбайды.
Дегенмен, виодео алғаш рет жарияланғанға дейін бірнеше күн бұрын Желіде белгісіз ұшатын нысан туралы ақпараттар шыға бастады. 2019 жылғы 19 желтоқсанда Лас-Вегаста жарқыраған ұшатын аппарат түсірілген. 
The Drive порталында аэроғарыш тақырыбындағы мақалалардың авторы Тайлер Роговей кейіннен түсіндіріп өткендей, видеоға жарығын қосып, ұшқан кәдімгі ұшақ немесе тікұшақ түсіп қалған. Ол жыпылықтаған жарық – камераның датчиктерінің есебінен жарық аз түскенде туындаған әсер. Видеодағы жарқыраған заттың траекториясы алдымен камераға қарай, содан кейін оған перпендикуляр қозғалатын тікұшаққа немесе кішкентай ұшаққа тән. Сондай-ақ, федералды авиациялық басқарма сол күні аспанда ерекше ұшу аппараттары болмағанын хабарлады.
Бұған дейін бірнеше ай бұрын, 2019 жылдың қыркүйегінде, Лас-Вегаста аспанда жарқыраған және жылдам ұшқан бірнеше от байқалды. Кейіннен қала тұрғындары Лига Кубогы – 2019 өткен Сэм Бойд стадионында өнер көрсеткен АҚШ Әскери-теңіз күштерінің парашют командасының қойылымын тамашалағаны анықталды. 
Қазнетте тараған видео осы күндердің бірінде түсірілген болар. Бұған қарамастан, кадрларда ешқандай жерден тыс өркениеттер техникасы және «саябақ күзетшілері» жоқ деп сеніммен айтуға болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button