Fake News

Фейк: локдауннан суицидтер саны артты

Интернетте небраскалық (АҚШ) дәрігер Бен Таппер локдаун енгізгені үшін билікті сынға алып, «биыл коронавирустан гөрі өз-өзіне қол жұмсаудан көп адам қайтыс болды» дейді. Бұл статистика шындыққа жанаспайды.

Қазіргі кезде мұндай қорытынды жасау мүмкін емес – 2020 жылғы өлім статистикасы әлі есептелген жоқ. Бірақ ДДСҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын 800 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсайды.

Айта кетейік, БАҚ-тың хабарлауынша, Виктория штатында (Австралия) суицид деңгейі өспеген, ал Германияда төмендеген.

Бүгінгі таңда COVID-19-дан 1 293 197 адам қайтыс болды.

Бұл көрсеткіш америкалық дәрігердің статистикасы дұрыс емес екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, видеода дәрігер Таппер маска тағуды сынға алып, вакциналардың зияны туралы айтады. Бұған дейін біз медициналық маскалар саңырауқұлақтар мен көмірқышқыл газымен улануды болдырмайтыны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, біз вакциналар аутизм тудырады деген мифті де жоққа шығардық.

Дәрігер Таппер медицина саласында мәлімдеме жасайтындай аса білікті маман емес. Бен Таппер – хиропрактика саласындағы маман (мануальді терапия мен «туа біткен интеллект» теориясына негізделген балама медицина түрі). Дәрігер Таппер Палмер хиропрактика колледжін бітірген.

Сәйкесінше, ол DC – chiropractic докторы (хиропрактика докторы) дәрежесіне ие. Мұндай мамандар инвазивті емес процедураларды ғана жүргізуге құқылы және дәрі-дәрмектер тағайындамайды. Сонымен қатар, толыққанды дәрігер болу үшін АҚШ заңы бойынша MD – medical doctor (MD) дәрежесі болуы керек. Хиропрактика Хиропрактика колледждін бітіргеннен кейін мұндай дәреже алу мүмкін емес, өйткені саланың өзі дәлелді медицинаның сынына ұшыраған.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button