Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар – бұл гендік терапия»

Қазақстандықтар Bayer AG фармацевтикалық компаниясының басқарма мүшесі Стефан Ольрихтің сөзінен алынған үзіндімен бөлісуде. Ол COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакциналары гендік терапия болып табылады, егер екі жыл бұрын адамдардан мұндай препараттармен егілуге дайынсыз ба деп сұраса, онда екпеден бас тарту деңгейі 95% тең болатын еді деп мәлімдеді. Оның сөздері вакциналардың ДНҚ-ны өзгертіп, адам геномына араласатынын білдірмейді. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Таралған видеода Стефан Ольрихтің 2021 жылы қазанның 24-26 аралығында Берлинде өткен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Дүниежүзілік саммитте сөз сөйлегені көрсетілген. 
Шараның толық видеосын Желіден табуға болады. Спикерлердің ешқайсысы, соның ішінде Стефан Ольрих те COVID-19 қарсы вакциналар адамның ДНҚ-н өзгерте алады деп айтқан жоқ.

Ольрихтің сөзі денсаулық сақтау саласындағы ғылым мен инновацияға қатысты болды. Атап айтқанда, ол Bayer AG компаниясы гендік терапия саласында Паркинсон ауруы және т.б. емдеуге арналған жобалармен бірнеше жылдан бері айналысып жатқанын атап өтті. Ол медицинадағы мұндай технологияларды инновациялық деп атап, оларды мРНҚ вакциналарын жасау технологиясымен салыстырады.

Оның бұл препараттар гендік терапия болып табылады дегені жаңылыс айтылған сөздер. Мұны Bayer AG компаниясы да ресми түрде растады: «Ол жаңылысып айтқан болары».
м-РНҚ вакциналарының компоненттері ДНҚ молекулалары орналасқан жасуша ядроларына ене алмайды. Демек, адам геномына әсер етпейді. 
Сонымен қатар, адам гендерін редакциялау бірқатар қауіп төндіретін ұзақ және өте күрделі процесс болып табылады. 
Бүгінде гендік терапияны бүкіл жерде қолданбайды. Оған белгілі бір жағдайларда, ауыр генетикалық ауруларды емдеу үшін және пациенттің келісімімен ғана жүгінеді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта әлем халқының 62.2%-ы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алғанын атап өткен жөн. Бұл 4 851 247 157 адам. Олардың ешқайсысының ДНҚ-да өзгерістер немесе кенеттен дамыған генетикалық аурулар тіркелмеген. 

Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакциналар ДНҚ-ны өзгерте алады және гендік терапия болып табылады деген теориялар дәлелденбеген және ғылыми фактілерге қайшы келеді. Стефан Ольрихтің мәлімдемесі – жаңылыс айтылған сөз, мұны оның өзі басқаратын компания ресми түрде растады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button