Fake News

Дәлелсіз: «Танымал тұлғалар СOVID-19 вакцинасының орнына өздеріне глюкоза егеді»

Қазнеттің кейбір қолданушылары танымал тұлғалар іс жүзінде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмайды, қарапайым адамдарды алдау және вакцинациялауға деген сенімді ояту үшін камера алдына глюкоза немесе басқа дәрумендер егеді деген теорияны алға тартуда. Бұған қоса, саясаткерлерді «инесіз» және «қақпақтары» алынбаған шприцтермен егу туралы видео ұсынылады.

Бұл видео Vacuna Show (вакцинация шоуы) деп аталады. Оны аргентиналық қастандық теорияларын жақтаушылар монтаждаған. Бірнеше күннің ішінде видео тез тарап, фактчекерлердің назарын аударды.

Видеодағы 17 көріністің барлығын тексеру барысында келтірілген фактілердің ешқайсысы сенімді емес екені анықталды. Кадрлардың бір бөлігі 2019 жылғы және оған дейінгі тұмауға қарсы вакцинация науқандарының мұрағаттық түсірілімінен алынған.

Сонымен қатар, монтаждау кезінде шприцтің бұрышын нақты көруге мүмкін бермейтін ракурстар таңдалған. Кейбір жағдайларда жазбада әдейі сахналанған кадрлар қолданылған.

Видеоның жалған екенін дәлелдейтін айғақтарға қарамастан, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар әлі күнге дейін атақты адамдар камера алдында вакцина алғандай болады, іс жүзінде оларға дәрумендер егіледі деп санайды.

Бұл теорияның дәлелі жоқ. Сонымен қатар, вакцинация науқандары жүргізілетін кейбір ауруханалардың қызметкерлері есеп беру үшін бос вакцина ампулаларын сақтайды, бұл препараттың қолданылған дозаларының нақты мөлшерін дәлелдейді және бұрмалау мүмкіндігін болдырмайды. Бұл туралы Шеффилд ауруханалары NHS Foundation Trust қорының атқарушы директоры Кирстен Мейджор AFP басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Айта кетейік, камера алдында тек танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері ғана емес, сонымен қатар қоғамды адастыруға негізі жоқ қарапайым тұрғындар да егілді.

Демек, танымал адамдарға вакцина деп глюкоза егіледі деген қауесет фейк және толығымен жоққа шығарылған видеоға негізделген ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button