Фейк: «КВИ қарсы вакцинацияның ауыр салдарын дәлелдейтін видео шықты»
Telegram мессенджерінде жерде домалап, түрлі позалар жасап, өтіп бара жатқан адамдарға айқайлаған ер адамның видеосы кеңінен тарды. Қазнет қолданушылары видео кейіпкерінің маска тағып алғанын көріп, ол COVID-19 қарсы егілген болар, ал оның оғаш мінез-құлқы – вакцинацияның салдары деген қорытынды жасады. Мұның бәрі өтірік.
Біріншіден, масканың болуы вакцинация статусының белгісі емес. Пандемия кезінде көптеген елдерде бетперде тағу міндетті болды және қоғамдық орындарда жүрген адамдардың барлығы маска тағуға міндеттелді.
Екіншіден, дәл сол видеоны жапондық BuzzCut порталынан көруге болады. Онда ролик сипаттамасында кадрдағы ер адам синтетикалық препарат қабылдаған деп жазылған.
Кейбір синтетикалық препараттар шынымен де осылай әсер етуі мүмкін. Мысалы, RN.com медициналық порталы мұндай заттарды қолдану белгілерінің ішінде жүрек соғу жиілігінің артуы, қан қысымының көтерілуі, бұлшықет спазмы, құрысулар, мығымдылық сезімі, шамадан тыс қозу және басқалар бар. Синтетикалық есірткінің кейбір түрлері бұлшықет спазмын тудыруы мүмкін, нәтижесінде адамдар зомби сияқты қозғалады: қолын артқа тастайды, ал денесімен қырындап, оқыс қимылдайды.
Желіде психотропты заттардың әсеріне түскен адамдардың басқа да видеоларын көруге боалды, олардың қозғалысы Telegram-да таралған видеодағы ер адамның әрекеттеріне ұқсайды.
Демек, видеодағы ер адамның егілгеніне және оның іс-әрекеттері вакцинацияның салдары екендігіне ешқандай дәлел жоқ.