Малайзия: фейкпен күрес
Малайзия – фейк ақпарат таратуға қарсы заң қабылдаған алғашқы елдердің бірі. Құжат 2018 жылдың сәуірінде күшіне енді. Бұрынғы премьер-министр Наджиб Разактың әкімшілігі ұсынған заң «қоғамдық келісім мен ұлттық қауіпсіздікті» қорғауға бағытталған.
Заңдағы анықтама бойынша, фейк жаңалықтар «толығымен немесе ішінара жалған болып табылатын жаңалықтар, ақпарат, деректер және есептер». Оған визуалды эффектілер мен аудиожазбалар да кіреді. Құжат электрондық басылымдар мен әлеуметтік желілерге қатысты. Сондай-ақ, жалған ақпарат елдің өзіне немесе оның азаматтарына қатысты болса, заң бойынша шетелдіктер де жазаға тартылады.
Фейкке қарсы заң бойынша барлық істерді мамандандырылған тәуелсіз соттар қарайды. Бұзушылық үшін 123 мың долларға дейін айыппұл немесе алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар, заң бойынша Соттар жарияланымдарды алып тастауға ордер береді немесе тергеу кезеңінде олардың таралуын уақытша шектейді. Бұзушылық жалғасқан жағдайда, айыптыларға сот үкімі шыққан күннен бастап күн сайын шамамен 770 доллар айыппұл есептеледі. Сондай-ақ, айыптылар соттан кешірім сұрауы немесе газеттен бас тартуы керек. Айыппұлдар мен қамауға алу түріндегі жаза фейк ақпарат таратуға қаржылық қолдау көрсеткен адамдарға да қатысты енгізілді.
Бірақ 2018 жылдың қыркүйегінде билікке келген Малайзияның жаңа премьер-министрі Махатхир Мохамад бұл заңның күшін жоюға тырысты. Бірақ оппозиция өкілдері басым болған Сенат бұл бастаманы тоқтата алды.
2019 жылы күзде Малайзия Парламенті фейк жаңалықтар таратқаны үшін жазалау туралы заңның күшін жойды. Талқылау екі күнге созылды.
Айта кетейік, Малайзияның коммуникациялар және мультимедиа жөніндегі комиссиясы әлеуметтік желілер, мессенджерлер, блогтар, веб-сайттар және т.б. арқылы Интернетте алынған ақпараттың шынайылығын тексеру үшін веб-сайт ашты.