Жаңалықтар

Фейк: «Австралия химтрейлдер арқылы мәжбүрлі вакцинациялау туралы жариялады»

Telegram-да Австралияда вакцинаны ауада шашу арқылы азаматтарды мәжбүрлі вакцинациялау жобасы енгізіліп жатқандығы туралы ақпарат таратылуда. Құрлықтың халқы қалауы мен медициналық көрсеткіштеріне қарамастан дәрі-дәрмекпен дем алуы үшін оны ұшақтардан тастайды деп болжануда. Бұл өтірік.

Пайдаланушылар таратылған хабарламада аспаннан PaxVax шығарған вакцинаны шашу жоспарланып отырғаны туралы жазған. Шын мәнінде, кәсіпорын да, Австралия билігі де мұндай ештеңе жоспарлап жатқан жоқ.
Бұл препарат – тырысқаққа қарсы генетикалық түрлендірілген вакцина. PaxVax компаниясы оны сынақтан өткізуге 2013 жылы өтініш берген.
Австралияның гендік технологияларды реттеу басқармасы баршаға қол жетімді құжатты жариялады. Онда вакцина сынаққа қатысатын еріктілерге сусын түрінде ұсынылады және оны ауада шашпайды делінген.
Препараттың өзі Vibrio cholerae тірі бактерияларының негізінде жасалған. Ол көбейе алмайтындай, яғни ауру тудыра алмайтындай етіп модификацияланған. Сондықтан вакцина генетикалық түрлендірілген болып саналады.
Егер бактериямен бұл манипуляциялар жасалмаса, онда ол өміршең болып қалады және ағзаға түскен кезде эритроциттерден гемоглобин босата алатын арнайы заттар гемолизиндердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде, адам тырысқақпен ауырады.
Яғни, вакцина құрамындағы бактериялардың гендік модификациясы белгілі бір қауіпті мақсаттар үшін емес, препараттың қауіпсіздігі үшін қажет.
Осының бәрінен таратылған ақпарат – фейк деген қорытынды жасауға болады. Австралияда химтрейлдер арқылы мәжбүрлі вакцинация туралы жарияланған жоқ. Бұл жерде сөз болып отырған вакцина сусын түрінде қабылданады және клиникалық сынақтардан өткізіліп жатыр, демек, ол тек ерікті қатысушыларға ғана беріледі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button