Fake NewsАлаяқтық

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға төленетін төлемдер туралы жалған ақпарат таратылуда

Желіде Қазақстан азаматтарына әлеуметтік қордан төленетін төлемдер туралы тағы бір фейк тарады. 1949-1998 жылдар аралығында туған әрбір адамға 100 мың теңгеден бөлінеді. Бұл ақпаратқа сенбеңіз және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз.

 

ҚР бірде-бір ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат шыққан жоқ. Үкімет пен Президенттің сайттарында да ештеңе жазылмаған. Департаменттер мен комитеттер де жаңа бағдарлама туралы хабарламаған.

Бұл стандартты алаяқтық схема бар. Пайдаланушыны ақшамен қызықтырып, өтінім беру үшін фишингтік сайтқа өту керек дейді. Бұл ретте алаяқтар асықтырып, ойлануға мұрша бермейді. Ал төлемді алуға бірнеше күн ғана беріледі, сондықтан бәрі бірдей үлгермейді.

Мемлекеттен төленетін төлемдер туралы ақпарат үшінші тарап порталдарында жарияланбайды. Белгісіз сайттарда жеке деректеріңізді жазбағыздар. Оларды интернет-алаяқтар пайдалануы мүмкін.

Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден төлеу туралы туралы осы сияқты фейктер біздің сайтымызда 2023 жылдың желтоқсанында, осы жылдың қаңтар және ақпан айларында жоққа шығарылған болатын.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button