Fake News

Фейк: «Қытайда көшелерден ауру адамдардың мәйіттерін жинауға арналған машина сынақтан өткізілуде»

Әлеуметтік желілерде Қытайда көшелерден мәйіттерді жинауға арналған арнайы машиналар сынала бастағаны туралы жазуда. Мұндай құрылғылар келесі жасанды пандемия кезінде қажет болады екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

 

Хабарламамен бірге пайдаланушылар еденде жатқан манекенді көтеріп жатқан арнайы машинаның жұмысы көрсетілген видеомен бөлісуде.

Суретті кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен видеодағы машинаны табуға болады. Бұл 2014 жылы таныстырылған жапондық жоба.

Бұл жер сілкінісі, өрт немесе басқа да апаттар кезінде жараланған адамдарды үйінділердің астынан іздеу және шығару үшін қажет құтқарушы робот. Мұндай роботтар құтқарушы адамдар зардап шеккендерге жете алмағанда, қираулардың құлау қаупі, қалың түтін немесе өмірге қауіп төнген жағдайда тиімді.

Жақын арада әлемде жаңа, қолдан жасалған пандемия басталатыны дәлелсіз.

Демек, таралған видеоға сенбеген жөн. Онда көшелерден ауру адамдардың мәйіттерін жинауға арналған машина емес, құтқарушы робот көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button