Алаяқтық

Алаяқтар дыбысталған видеоның жарнамасын таратуда

Facebook-те ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым азаматтарға арналған жаңа TON жобасы туралы баяндаған бейнеролик таратылуда. Ол кәсіпкер Павел Дуров туралы айтады, бұл оның жобасы екен.

Бұл видео фейк, оған сенбеген жөн.

 

Бұл видео дыбысталған. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы мамырда «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» ұранымен өткен II Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінің жазбасы.

Оның баяндамасының толық мәтінін Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан оқуға болады.

Онда TON жобасы туралы айтылмайды.

Алаяқтар Павел Дуровтың есімі мен Ton криптовалютасының атауын Желіде кем дегенде 5 жылдан бері қолданылып келеді. Олар жарнамаға жауап берген адамдарды акцияларға немесе криптовалюталарға инвестиция салуға шақырып, көрсетілген шотқа ақша аударуды ұсынады.

Олай болса, ҚР азаматтарына арналған жаңа жоба туралы видео – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button