Фейк: «COVID-19 пандемиясы адамзатты бақылау мақсатында жасалған»
Әлеуметтік желілерде британдық антиваксер Майкл Йидон COVID-19 адамдарды бақылау және бас бостандығынан айыру мақсатында жасалған деп мәлімдеген видео тарады. Бәрі алдын ала жоспарланып, вакцинациядан миллиардқа жетпесе де, миллиондаған адам көз жұмады екен. Бұл жалған.
Майкл Йидон Кенттегі Pfizer филиалында 2011 жылға дейін қызмет еткен. Бірақ ол вакциналармен мүлдем жұмыс істемеген. Оның лауазымы «аллергиялық және тыныс алуды зерттеу бөлімінің вице-президенті» болған.
Соңғы бірнеше жылда Йидон халыққа коронавирустық инфекция пандемиясы туралы белсенді түрде жалған ақпарат таратуда. 2021 жылдың маусымында ол COVID-19 қауіпті емес, ал вакциналар депопуляция құралы ретінде пайдаланылады деп мәлімдеді. Сол жылдың қараша айында Йидон COVID-19 қарсы вакциналардан балалардың қайты болу ықтималдығы инфекцияның өзінен болған өлім-жітімге қарағанда 50 есе жоғары екенін айтты. Содан кейін ол егу әйелдерді бедеулікке әкеледі, ал мРНҚ вакциналарының «жиналуынан» әртүрлі аурулар шығады деді. Оның барлық мәлімдемелері ғылыми және статистикалық мәліметтерге қайшы келеді. Олардың бәрін әлемдік фактчекерлер, соның ішінде біздің портал да жоққа шығарды.
SARS-CoV-2 вирусының табиғи түрде пайда болғаны дәлелденген. Бұл көптеген ғылыми зерттеулермен расталды. Сондықтан біреу пандемияны алдын ала жоспарлаған деп айтуға негіз жоқ.
Вакцинацияланған адамдар иммундаудан кейін жаппай өле бастайды деген фейктер пандемия басталғанда шықты.
Бұл ретте COVID-диссиденттердің бірде-бір мәлімдемесі ғылыми расталған жоқ. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар өлімге әкелмейді, ауруға қарсы иммунитетті дамытуға көмектеседі. Демек, Майкл Йидонның барлық сөздері дәлелденбеген және фейк болып табылады.