Fake News

Фейк: «Ғалымдар маймыл шешек ауруын жұқтырмас үшін еттің орнына жәндіктерді жеуге кеңес береді»

Танымал Telegram арналардың бірінің қатысушылары Ұлыбританияда адамдарды табиғи еттен толығымен бас тартуға шақырады, өйткені ол арқылы маймыл шешегі беріледі екен. Еттің орнына адамдарға синтетикалық ақуыздар мен жәндіктерді жеу ұсынылады. Бұл жалған.


Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі ет жейтін адамдарға арналған ұсыныстар шығарғаны рас. 
Онда мал ауру болса және ет жеткілікті термиялық өңдеуден өтпесе, маймыл шешегін ет арқылы жұқтыруға болатындығы айтылған.
Осыған байланысты сарапшылар адамдарға тек жақсы дайындалған етті ғана жеуге және жабайы құс етін тұтынбауға кеңес береді. Сондай-ақ, жабайы жануарларға да қол тигізуге болмайды. 
Ұсыныстарда синтетикалық ет немесе жәндіктерді жеуге қатысты ұсыныстар жоқ.
Демек, ғалымдар адамдарды табиғи өнімнен бас тартуға шақырады деген ақпарат асыра сілтеушілік және өтірік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button