Fake News

Манипуляция: «Неміс патологоанатомы вакцинацияланған адамдардың 30-40%-ы екпе салдарынан қайтыс болады деп мәлімдеді»

Қазнет қолданушылары неміс патологоанатомының мәлімдемесі туралы жаңалықты таратуда. Маман COVID-19 қарсы вакцинацияланған адамдардың 30-40%-ы нақ осы екпе салдарынан қайтыс болады деп мәлімдеген екен. Бұл неге олай еместігін түсіндірейік.


Гейдельберг университетінің бас патологоанатомы Питер Ширмахер КВИ-ге қарсы вакцинациядан болатын өлім-жітім көрсеткіші өте жоғары болуы мүмкін екенін айтқан. Ол препаратпен егілгеннен кейін көп ұзамай қайтыс болған адамдарды көбірек ашып тексеруге шақырады.
Алайда, мұндай мәлімдеме жасай отырып, дәрігер ешқандай сенімді статистика келтірмейді және оның көзқарасын растайтын беделді дереккөздерге сілтеме жасамайды. 
Ширмахердің бұл мәлімдемесінен кейін бірден әріптестері онымен келіспейтіндіктерін жеткізді.
Вакцинация жөніндегі тұрақты комиссияның (Stiko) басшысы Томас Мертен БАҚ-қа Ширмахер айтқан вакцина салдарынан болған кейбір өлім-жітім есептелмей қалды деп пайымдауға негіз жоқ екенін айтты.
Эрланген университетінің ауруханасының иммунологы Кристиан Богдан Германияда өлім-жітіпді айтпағанда, вакцинация нәтижесінде есепке алынбаған асқынулар көп емес деп мәлімдеді. 
Германияның SWR телеарнасының денсаулық жөніндегі сарапшысы және дәрігер Лотар Зиммерман да Мертеннің вакцинация салдарынан мамандар байқамайтын өлімнің болуы мүмкін еместігі туралы пікірін қолдады.
Айта кетерлік жайт, вакциналардан болған көптеген өлім-жітім туралы мәлімдеме жасаған дәрігердің өзі толықтай екпе салдырған. Бұл туралы SWR.de. неміс басылымы хабарлады. Сонымен қатар, портал оның вакцинация вируспен күресте маңызды құрал болып табылатыны туралы сөздерін келтірген.
Қорыта айтқанда, егілгендер арасында қайтыс болғандардың жартысына жуығы нақ осы екпеден көз жұмады деген тұжырым – ештеңеге негізделмеген бір адамның пікірі ғана. Германияның жетекші мамандары бұл теорияға қарсы шықты. Оның үстіне, дәрігердің өзі толығымен вакцинацияланған және COVID-19-ға қарсы иммундаудың маңыздылығын жоққа шығармайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button