Fake News

Манипуляция: «Таиланд билігі цифрлық ақшаны қалай жұмсау керектігін айтып отырады»

Қазнетте Таиландта мерзімі алты айлық цифрлық валюта шығарылатыны туралы ақпарат тарады. Бұл ақшаны мемлекеттің рұқсатымен ғана жұмсауға болады екен. Бұл рас па? Анықтайық.

2023 жылдың сәуірінде сайлау науқаны кезінде Таиланд елінің «Таиланд үшін» (Pheu Thai) оппозициялық партиясы 14 мамырдағы сайлауда жеңіске жетсе, 16 жастан асқан барлық азаматтарға цифрлық валютада 10 мың бат тарататыны туралы мәлімдеді.  Партия басшысы кәсіпкер Сретта Тависин осылайша жергілікті экономиканы ынталандырмақ болды. Паетонгтарн партиясының бас кеңесшісі Чинават бұл жобаның Таиландта өндірілген өнімнің экспортын жолға қоюға және корольдікке цифрлық валюталар әкелуге бағытталғанын айтты.

«Таиланд үшін» партиясының өкілдері ұсынған схема келесідей болды.  16 жастан асқан әрбір тайлық смартфон арқылы 10 мың бат алады. Цифрлық ақшаны алушы оны үйінен 4 км радиуста ғана жұмсай алады және ол 6 айға жарамды. Әмиянға кіру үшін тіркелу қажет емес. Телефонында «Цифрлық әмиян» қосымшасы жоқ адамдар цифрлық валютаға қол жеткізу кодын алу үшін жеке куәлікті пайдалана алады.

Таиландтың көптеген саясаткерлері мен экономистері ақшаны бұлай жұмсау инфляцияны өршітіп, бюджет тапшылығын арттыруы мүмкін деп жобаны сынға алды.

Тайларды нақты не шабыттандырғаны белгісіз, бірақ Сретта Тависин жаңа премьер-министр атанды және тайларға цифрлық валюта беру идеясынан бас тартқан жоқ. 2023 жылдың қарашасында Тависин цифрлық әмиян бағдарламасы 50 миллион адамды қамтитынын айтты. Олар 10 мың баттан (280 АҚШ доллары) алады, төлем 2024 жылдың мамырына дейін жасалмақ. Среттаның айтуынша, ақшалай жәрдемақыға Үкімет 500 миллиард бат жұмсайды, ол біржолғы қарыз есебінен қаржыландырылады.

«Таиланд үшін» партиясының бағдарламасы корольдіктің экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған. Бұл басқа елдерде ашылатын цифрлық әмияндарға қатысы жоқ бір реттік шара. Таиланд үкіметі болашақта өз халқына өзінің тапқан цифрлық ақшасын қашан және қалай жұмсау керектігін айтады деуге негіз жоқ. Әлем елдеріндегі цифрлық валютаның жарамдылық мерзімі жоқ. Қазнеттегі жарияланым – қоғамдық пікірді манипуляциялау және цифрлық ақшаға теріс көзқарас қалыптастыру тәсілі.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button