Fake News

Дәлелсіз: «Алаяқтар вакцинацияланған адамдардың телефондарын бұғаттайды»

WhatsApp мессенджерінде алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту таратылуда. Біреулер қоңырау шалып, COVID-19 қарсы вакцина алған болсаңыз, 1 санын басуды сұрайды екен. Нәтижесінде телефон бұғатталып қалады. Бұл жағдай расталмайды.

Алаяқтықтың бұл түрі техникалық тұрғыдан мүмкін бе деген сұрақпен біз KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне жүгіндік.

– Егер алаяқтар әлеуметтік инженерия көмегімен қандай да бір пайдаланушы деректерін иемденбесе, қоңырау шалып, телефонды басқару мүмкін емес. Мысалы, егер бұған дейін қандай да бір енгізу кодтары, смс-кодтар және өзге де авторизациялық деректер берілсе, – деп хабарлады ұйым өкілдері.

Әлеуметтік инженерия – бұл психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге негізделген пайдаланушылардың жеке деректерін алу әдісі. Әлеуметтік инженерияға мысал ретінде банктердің атынан жалған хабарламалар, SMS-код немесе банк картасының CVC кодын және т.б. айтуды сұрайтын «қауіпсіздік қызметі өкілдерінің» қоңырауларын келтіруге болады.
Осы және алаяқтардың мұндай әрекеттерінің құрбанына айналмау туралы толық ақпаратты KZ-Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің ресми сайтынан оқуға болады.
Демек, ұялы телефонды жай қоңырау шалу арқылы бұғаттау мүмкін емес. Алайда, алаяқтар СМС-кодтарды, парольдерді немесе басқа да жеке ақпаратты алдап алып, сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізе алады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button