ПТР-тест тапсырған адамдарды 5G көмегімен бақылайды – фейк
Әлеуметтік желілер мен мессежерлерде бұл фейк белсенді таратылуда. Автордың айтуынша, бір неміс дәрігері ПТР сынақтар алуға арналған зондтарды зерттеп, олардан металл қапсырмаларды тапқан. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, олар жұтқыншақта қалады және 5G сигналын қабылдап, адамның ой-санасын басқарады.
StopFake.kz бұл теорияның неге бұрыс екенін айтады.
Біріншіден, ПТР сынақтары вискоза анжысы бар арнайы полистирол зондтардың көмегімен алынады. Оларда металл бөлшектер жоқ.
Екіншіден, 5G-ді ой-сананы басқару үшін пайдалану мүмкін емес. Бұл – жаңа буындағы ұялы байланыстың стандарты. Ол қазіргі өзіміз дағдыланған 3G және 4G принципімен жұмыс істейді. Әлемде оның көмегімен біреудің ой-санасын басқарған жағдайлар болған жоқ.
5G-дің ерекшелігі – бұл формат жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді, яғни кең жолақты интернетті қолжетімді етеді. Алғашқы pre-5g базалық станциясы 2015 жылы Барселонада іске қосылған. 2016 жылы бұл технология бірінші рет Ресейде сыналды. Сол кезде деректерді тарату жылдамдығы 4,5 Гбит/сек құраған.
Үшіншіден, қолданыстағы 3G және 4G сигналдарын металл бөлігімен ұстау мүмкін емес. Бұл мәлімдеме жаңа форматтағы желіге қосылуға қатысты. Ол үшін сізге кем дегенде бір антеннасы бар және интернетке қосыла алатын смартфон, планшет немесе басқа құрылғы қажет болады. Бүгінгі күні тек микроскоппен ғана көруге болатын кішкентай антенналар жоқ.
Демек, ПТР-тесттер арқылы 5G металл бөлшектердің енгізілетіні туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды.
Бұл жаңа форматтағы желі айналасындағы алғашқы миф емес.
Бұған дейін желі қолданушылары 5G желілері COVID-19 таратады деген болатын. ДДСҰ бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Ұйымның хабарлауынша, вирустар радио және интернет сигналдары арқылы таралмайды.