Жаңалықтар

Фейк: «Pfizer/BioNTech вакцинасы уытты»

Қазнет пайдаланушылары Pfizer/BioNTech шығарған вакцинаның қауіпсіздігіне күмән келтіруде. Facebook әлеуметтік желісінде құрамында қауіпті токсин SARS-CoV-2 коронавирусының спайк ақуызы бар екендігіне қарамастан, бұл препарат балаларға міндетті түрде егілетіні туралы хабарлама жарияланды. Бұл өтірік.

Хабарламада өткен аптада Қазнетте тараған құжаттың сипаттамасы ұсынылған. Онда мектептер КВИ-ге қарсы вакцинациялау үшін 12 жастан асқан балалардың тізімін дайындауы тиіс деп айтылған.

Бұл жағдайға қатысты Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова түсініктеме берді.
– Елімізде заңға сәйкес 18 жасқа толмаған балаларға вакцина салу тек ата-анасының келісімімен ғана іске асады. Сондықтан да үрейленуге негіз жоқ. Қазіргі уақытта мектептерде балаларға екпе салдыру жүргізілмегенін қаперлеріңізге жеткіземін. Бұл бағытта ҚР Білім және ғылым министрлігінен, білім басқармасы тарапынан нұсқама берілмегенін айрықша атап өтемін.
Ал, аудандық білім бөлімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми хаты негізінде мектептердегі 12 жастан асқан балалардың контингентін (бала саны) жинақтау бағытында жұмыс жүргізу үшін жолдаған. Алайда, бұл ата-аналардың рұқсатынсыз балаларға екпе салынады дегенді білдірмейді. Білім басқармасы хат бойынша шұғыл түрде зерделеу жүргізді. Бұл ретте ешқандай тізім алынған емес. Мұндай әрекеттерге қатаң түрде жол берілмейді», – деді ол өзінің Facebook парақшасында.

Бұдан әрі постта әртүрлі өндірушілердің вакциналарының тиімділігі сипатталған. CoronaVac препаратына тоқталған жарияланым авторы, оның тиімділігі небәрі 50,4% екендігін жазады, ал өндірушілердің хабарлауынша, бұл көрсеткіш 80% құрайды. Бұл манипулятивті деректер, өйткені олар контекстен үзіп алынған. ДДСҰ-ның ресми сайтында CoronaVac вакцинасы туралы толық ақпарат берілген.

-«Бразилияда өткізілген ауқымды үшінші сынақ кезеңі, 14 күндік аралықта егілген вакцинаның екі дозасы симптоматикалық инфекцияға қарсы 51% тиімді, COVID-19 ауыр ағымына қарсы 100% тиімді, ал екінші дозаны алғаннан кейін 14 күннен бастап ауруханаға жатқызуға қарсы 100% тиімді екендігін көрсетті», – делінген вакцина сипаттамасында.

Сонымен қатар, жарияланым авторы өндірушілер вакциналарды сату арқылы қыруар қаражат тапқанын айтады. Бұл ақпарат манипуляциялық сипатқа ие. Біріншіден, COVID-19-ға қарсы вакцинния көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда азаматтар үшін тегін болып табылады. Екіншіден, өндірушілердің тапқан табысы дәрі-дәрмектің сапасына еш әсер етпейді және оның тиімсіздігін дәлелдемейді.

Одан әрі, мәтінде SARS-CoV-2 коронавирусының ақуызы – қауіпті токсин екендігі жайлы кеңінен тараған және бұған дейін теріске шығарылған фейк келтірілген.

Фейк: «Вакциналар құрамындағы ақуыз – қауіпті токсин»

 

Біріншіден, бұл белгілі антивакцинатор доктор Байрам Брайдлдың теориясы.

Екіншіден, онда COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамына спайк ақуызының өзі емес, тек оның кодталған гені ғана кіретіні ескерілмеген.

Үшіншіден, доктор Брайдлдың барлық ізденістері, адам ауруды табиғи жолмен жұқтырған кездегі SARS-CoV-2 коронавирусының спайк ақуызының қауіптілігі туралы зерттеулерге негізделген. Бұл мәліметтер вакциналарға қатысты емес, өйткені бұл жағдайда вирусты нақты жұқтыруы орын алмайды.

Pfizer/BioNTech вакцинасының ересектер үшін де, 12 жастан асқан жасөспірімдер үшін де қауіпсіздігі кең ауқымды клиникалық зерттеулермен расталған. Препаратты қабылдағанан кейін туындайтын жағымсыз реакциялардың түрлері мен жиілігі туралы толық есепті АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ресми сайтынан оқуға болады.

Онда көрсетілген мәліметтерден жағымсыз реакциялардың басым бөлігін бас ауруы, қалтырау, шаршағыштық және т.б. сияқты елеусіз белгілер құрайды.

Демек, Facebook-тегі балаларға арналған КВИ вакциналарының қауіпсіз еместігі және тиімсіздігі туралы хабарламада жалған және манипулятивті ақпарат ұсынылған. Препараттардың тиімділігі туралы деректер контекстен үзіп алынған, вакцина өндірушілердің табысы туралы ақпарат дәрі-дәрмектің сапасына әсер етпейді, ал коронавирустың спайк ақуызының уыттылығы туралы ақпарат ғалымдар мен фактчекерлер жоққа шығарған фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button