Fake News

«Ұшақ әуежайда газ шаша бастады»

Мессенджерлерде байқамай дозаторды іске қосып, 80 тоннадан астам иондалған газ шашқан A380 ұшағының суреті тарады. Бұл жағдай Манчестер әуежайында жанармай құю кезінде орын алған, ал ұшақтың өзі көктен зиянды химиялық заттар шашу үшін пайдаланылған екен. Бұл жалған.

Фотосурет арқылы іздеп, оның 2018 жылдың ақпанында Калгари әуежайында түсірілгені анықталды.

Таралған сурет шын, бірақ онда хабарламада айтылғандай A380 ұшағы емес, одан бұрын шығарылған және кішіректеу A310 үлгісі бейнеленген. Екі ұшақ та Airbus S. A. S. (бұрынғы Airbus Industrie) авиациялық концернінде жасалған. Олар көлемі жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Airbus A310 ұшағына 220-240 жолаушы сыяды, оның ұзындығы – 46.7 метр. Airbus A380 ұшағына 525-853 адам отырады, ал ұзындығы – 73 метр. Сонымен қатар бұл модельдердің қозғалтқыштарының саны әртүрлі. A310-да екеуі болса (суретте көрсетілгендей), A380-те төртеу.

Сондай-ақ бұл ұшақта оған иелік ететін авиакомпанияның атауы да жазылған. Нақтырақ айтқанда, канадалық Air Transat әуе компаниясы. Ресми сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, Air Transat компаниясының пакрінде 31 ұшақ бар, оның ішінде Airbus A380 жоқ және болмаған.

Суреттегі ұшаққа не болды? Қозғалтқыштарды қосқан кезде ұшақтан шыққан түтін қауіпті, бұл құбылысты түсіндіруге болады. Оның бірнеше себебі бар. Ұзақ қашықтыққа ұшқан кезде қозғалтқыштарға май құйылады және қозғалтқыш іске қосылған кезде оның артық мөлшері жанады, соның салдарынан қара немесе қою сұр түтін пайда болуы мүмкін.

Екінші себеп – ауа температурасының төмен болуы. Суықта камераның сыртындағы жанармайдың артық мөлшері жанып кетеді, нәтижесінде түтін пайда болады.

Демек, химтрейл шашу барысы көрсетілген Желіде тараған  фотосуреттегі жазба жалған, ол ауаға зиянды заттарды қасақана шашу туралы ойдан шығарылған қастандық теориясының бөлігі болып табылады. Фотосуретте басқа ұшақ бейнеленген, ал оның айналасындағы түтін қозғалтқыш іске қосылған кезде майдың немесе артық отынның жануынан қалыптасқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button