Fake News

Фейк: «ПТР тест тапсырмаған адамдар пластик көпіршіктерде саяхаттауға тиіс»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде пластик көпіршіктерде саяхаттаудың артықшылықтары туралы баяндайтын видео таратуда. Женева әуежайында ПТР талдауын тапсырғысы келмейтіндерге немесе COVID-19 қарсы вакцина жасауды қаламайтындарға осындай ұсыныс жасалады екен. Бұл видео 1 сәуір – күлкі күніне орай түсірілген әзіл.


Женева әуежайының YouTube арнасында вакцинация паспортын да, COVID-19 ПТР талдауының теріс нәтижесі бар анықтаманы да ұсынбай, алғаш рет мөлдір пластик көпіршікте саяхаттап жүрген ер адам туралы видео жарияланған. Онда жолаушының рейске тіркелгені, дәмханада жеңіл тағамдар таңдағаны және үлкен пластик шар ыңғайсыз болғандықтан бірнеше рет құласа да, эскалатормен жүруге тырысқаны көрсетілген.
– Осы аптада Genève Aéroport-та біз ПТР тестсіз немесе вакцинасыз саяхаттауға мүмкіндік беретін пилоттық жобаны сынақтан өткіземіз. Пасха демалыс күндеріне ковидтен қорғайтын 39 көпіршік қалды, егер қызық болса, төменде пікіріңізді қалдырыңыз! – делінген ролик сипаттамасында.
Видеоның өзі 1 сәуірде әуежайдың YouTube каналында жарияланған. Ал пікірлерде оның әзіл екендігі айтылған.

Әуежайдың ресми сайтында пластик көпіршіктер туралы ақпарат жоқ. Барлық сапар шегушілер ПТР-талдаудың теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакцина алғандығы туралы деректерді ұсынуы тиіс.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button