Коронавирус заттардың бетінде өміршең емес – фейк
Желіде SARS-coV-2 коронавирусының заттардың бетінде өміршең еместігі туралы видео таратылуда. Видео авторлары жаңа коронавирусты зерттеген вирусолог Хендрик Штрекке сілтеме жасайды. Штрек және оның командасының індетті жұқтырғандардың үйлеріне барып, әртүрлі заттардың беттерінен сынамалар алғаны рас. Бірақ қорытынды есепте вирустардың заттардың беттерінде тіршілік ететіні туралы ештеңе жазылмаған.
Видео түрлі фотосуреттер жиынтығы, ал кадр сыртындағы дауыс доктор Хендрик Штрек бастаған неміс вирусологтарының тобы Sars-coV-2 заттардың беттерінде болмайтынын дәлелдеді дейді.
«Ғалымдар заттардың бетінде өміршең вирустар болмайды – тек өміршең емес түрі ғана болады деген қорытынды жасады», – дейді видео авторы.
Шын мәнінде, бұл олай емес.
Ғалымдар тобы есік тұтқаларынан, қашықтан басқару пульттерінен, тіпті ағынды сулардан сынамалар алды, алайда бұл қорытынды есепте бұл заттардың бетіндегі вирустың өміршеңдігі туралы қорытынды жасалмаған. Айта кетейік, есеп үстіміздегі жылдың 4 мамырында Бонн университетінің сайтында жарияланды.
ДДСҰ сайтында үстіміздегі жылдың 9 шілдесінде жаңартылған вирустың таралу механизмдері туралы ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұны бар. Онда өміршең вирус немесе оның РНУ заттардың бетінде бірнеше сағат немесе бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін екендігі айтылған.
– Осылайша, вирусты науқас жанында болған заттардың беттері немесе ол ұстаған заттар (мысалы, стетоскоп немесе термометр) арқылы жанама жолмен жұқтыруға болады, – делінген құжатта.
Алайда, мамандар бұл саладағы зерттеулер әлі де жалғасып жатқанын атап өтті, себебі вирус түскен беттермен байланыста болған адамдар, әдетте, вирус тасымалдаушы адамдармен де байланыста болады. Осыған орай, адамның COVID-19 қалай жұқтырғанын анықтау қиын.
Бұған қарамастан, вирус заттардың беттерінде қалмайды деген пікірлер негізсіз, өйткені вирустардың өміршеңдігін дәлеледйтін бірқатар зерттеулер бар.