Фейк: «Мұрағаттық кадрлар Айға қонудың жалған екенін көрсетеді»
Әлеуметтік желілерде әйгілі режиссер Стэнли Кубриктің жеке мұрағатынаң алынған видео тарады. Кадрларда түсірілім тобы павильонның ішінде Ай бетіне қону көрінісін түсіру үшін дайындалып жатқанын көруге болады. Бұл кадрлардың қайдан шыққанын және неге ол кеңінен тараған қастандық теориясын дәлелдемейтінін анықтайық.
Бұл ролик алғаш рет Желіде 2023 жылдың маусымында шыққан. Оны Jack Straw есімді қолданушы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы – Twitter) жариялаған.
BQQQQQM Archive footage of Stanley Kubrick that he requested to be published after his death and a cover letter in which he says, among other things: “With the cooperation of the US government & NASA, we faked the moon landings. ALL moon landings were faked and I filmed them all. pic.twitter.com/oBc4xmlHpX
— Jack Straw (@JackStr42679640) June 27, 2023
Snopes порталының фактчекерлері таралған кадрларды тани алды. Олардың көпшілігі «Айдағы адам» көркем фильмін түсіруге арналған роликтен алынған екен. Кинокартинада Айға алғашқы қону туралы баяндалады, ал басты кейіпкер, астронавт Нил Армстронгты фильмде Райан Гослинг ойнайды. YouTube-те түсірілім тобы өз жұмысынан алған әсерлерімен және жалпы фильмге деген көзқарасымен бөлісетін видео бар. Одан конспирологиялық видеода қолданылған кадрларды көруге болады.
Әлеуметтік желілердегі роликте қолданылған үзінділердің тағы бір бөлігі 1989 жылы түсірілген For all Mankind атты деректі фильмнен алынған.
Демек, таралған видео Стэнли Кубриктің жеке мұрағатында бомлаған және оған мүлдем қатысы жоқ.
Айға адам қонбаған, оны әйгілі режиссер түсірген деген теория 2015 жылы Кубрик қайтыс болар алдында берген сұхбаты Желіде таралғаннан кейін шықты. Онда ол «Аполон 11» миссиясы жалған, оның студияда түсірілгенін мойындайды.
Бұл сұхбат жалған болып шықты. Видеодағы ер адам – Стэнли Кубрик емес, жалданған актер, мұны режиссердің жұбайының өкілдері растады.
Демек, таралған видео – фейк. Бұл 2018 жылғы көркем фильм мен ескі деректі фильмнен алынған кадрлар, олардың Стэнли Кубрикке еш қатысы жоқ.