Конспирология

Фейк: «Геоинженерлік компания күн сәулесін жабу жобасын бастады»

Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандықтар америкалық Make Sunsets стартапын талқылауда. Пайдаланушылар жазғандай, бұл, біріншіден, химтрейлдер туралы теорияның рас екенін дәлелдейді, екіншіден, күн сәулесін жауып, жердегі барлық тіршілікті жою үшін қажет. Шын мәнінде мұның не екенін айтып беерйік.


Make Sunsets стартапы бар. Оның жеке сайтында жобаның қызметі, мақсатты қаржыландыру көздері егжей-тегжейлі сипатталған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, стартап Желіде жазылғандай, үлкен зондтарды іске қосуға емес, қолдан бұлттар жасауға бағытталған. Бұл күн сәулесін толығымен жауып тастамай, жаһандық жылыну процесін бәсеңдету үшін қажет. Бұл «бұлттардың» құрамында аз ғана мөлшерде күкірт оксиді болады. Жоба авторларының жазуынша, күкірт оксиді атмосферада жанартаулардың атқылауы мен зауыттар мен фабрикалардың жұмысының нәтижесінде қалыптасатын күн сәулесін шағылыстырады. Осылайша, 20 км биіктікке көтерілген бір грамм күкірт оксиді бір тонна парниктік газдардың әсерін бейтараптандыра алады.
Күкірт оксиді атмосфераға үлкен шарлардың көмегімен ұшырылады. Бір шарда шамамен бір грамм газ болады. Make Sunsets Boost VC және Pioneer Fund сияқты жобаларға демеушілік етудің арқасында 2023 жылдың басында алғашқы сынақ ұшырылымдарын жүзеге асырды. 
Стартап мүшелері Люк Айсман мен Андрю Сонг әзірге барлық ұшырылымдарды өздері ұйымдастыруда. Олар жаһандық жылынуды тоқтату қымбат және қиын емес екенін көрсете алдық деп санайды. 
Жоба химтрейлдер теориясын растамайды. Бұл теория бойынша Үкіметтің тапсырысы бойынша ұшақтар атмосфераға қауіпті заттар шашады, бұл адамдарды ауруға шалдықтырады, ерік-жігерінен айырады және Жердегі климат өзгереді. Теория 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында тараған. Осы уақыт ішінде ол мүлдем расталған жоқ.
Make sunsets жобасы да басқа. Біріншіден, ол теориядан кейін пайда болды, екіншіден, ұшақтарды пайдаланбайды, адамдардың ерік-жігерін баспайды және оларға қандай да бір зиян келтірмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button