Конспирология

Әлеуметтік желілерде НАТО саммитінің фейк видеосы таралуда

Instagram-да «НАТО» деген жазуы бар видео тарады. Роликте әртүрлі суреттер көрсетілген экранның жанында тұрған әлемдік көшбасшылар түсірілген. Кадр сыртындағы дауыс бұл жағдай НАТО саммитінде орын алғанын айтады. Видео жазбада бұдан басқа ерекше дауыс бар. Автордың айтуынша, бұл дауыс «мүсіннен» шығып тұр, ал әлемдік көшбасшылар гипноздың әсерімен жүр. Роликте жұмбақ дауыс ағылшын тілінде сөйлейді, ал саммитке қатысушылар оған жауап береді.

Бұл видео фейк. Ол өңделген. Бұл қандай кездесу? Шын мәнінде не болды? Бұл туралы төменде оқыңыздар.

Видео 2021 жылғы 14 маусымда Бельгияның Брюссель қаласында НАТО саммитінде түсірілген.

НАТО саммиттері – Солтүстік Атлантикалық шартқа қатысушы мемлекеттер басшыларының тұрақты емес кездесулері. Саммиттерде ұйым қызметінің стратегиялық бағыттары талқыланады.

«НАТО Саммиті 2021» немесе «Summit NATO 2021» деп іздеу жүйесінде қарағанда әртүрлі видеолар шығады, олардан кездесудің қалай өткенін көруге болады.

Түпнұсқа роликтерде стеладан бөтен ерекше дауыс шықпайды. Бірақ кескін өзгерген кезде цифрлық гаджеттерге тән дыбыс болады, бұл сөздер емес және ол әлеуметтік желілерде тараған роликтегі дыбыстан өзгеше. .

Сонымен қатар түпнұсқа бейнежазбада стелаға қарап тұрған, бірақ оған жауап бермейтін саммит қатысушылары көрсетілген.

Демек, талқыланып отырған видеода дыбыс өзгертілген, одан кейін фейк әлеуметтік желілерде таралған. Түпнұсқа видеода цифрлық стеладан қатысушыларды гипнозға түсіретін жұмбақ дауыс шықпайды. Ол презентация экраны ретінде болған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button