Фейк: «COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакциналары сынақтан өткен жоқ, олардың қауіпсіздігі расталмаған»
Telegram-да тараған роликте Флорида хирургі Джозеф Ладапо өзінің сұхбатында барлық жастағы адамдарды COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакцинасын алмауға шақырады. Бустерлік дозалардың клиникалық сынақтары жүргізілмеген, демек олардың тиімділігі де, қауіпсіздігі де расталмаған екен. Бұл өтірік.
Джозеф Ладапо КВИ қарсы вакциналар қауіпті деп бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет мәлімдеме жасағані, бірақ бұл сөздерін растамаған. Флорида билігі оның сөздеріне күдікпен қарады. Алайда хирург жалған ақпарат таратуын тоқтатпады. Ладапо мРНҚ вакциналарынан елеулі жанама әсерлер пайда болады деді. Дәрігерлер деректер біржақты және бұрмаланған деп, бұл мәлімдемені сынға алды.
Бустерлік дозаларға клиникалық сынақтар жүргізілмеген деген пікір де шындыққа жанаспайды. Әлемнің түкпір-түкпірінде дәрі-дәрмектерге жүргізілген көптеген бақыланатын клиникалық зерттеулер жарияланатын ClinicalTrials.gov порталы бар. Іздеуде «вакцина» немесе «бустер» деп тергенде, жүздеген нәтиже шығады.
Сонымен қатар зерттеулер әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізілді. Ұлыбритания ғалымдары коронавирустың түрлеріне қарсы бустерлердің тиімділігін растады.
Джозеф Ладапоның мәлімдемелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық пікірді манипуляциялау болып табылады. Оның вакциналар сынақтан өтпегендіктен қауіпті деген сөзі өтірік.