Fake News

Айырбастауға болмайды: Қазақстанда 2020 жылдың қазан айынан бастап қандай купюралар қабылданбайды және айырбасталмайды

4 қазанда 2006 жылы шығарылған 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналымнан алу мерзімі аяқталды. Енді ақша болып саналмайтын купюралар қандай, олардың орнына елімізде қандай банкноталар қолданылатыны туралы Stopfake.kz-тен оқыңыздар.

Қазақстандықтар 10 жыл бойы 2006 жылы шығарылған 2000, 5000 және 10000 теңгелік купюралармен еңбекақы алып, төлем жасап келді. 2016 жылғы қарашадан бастап ҚР Ұлттық банкі басқармасының «ҚР Ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес олар айналымнан біртіндеп алына бастады. Бұл купюралар банкоматтарда берілмеді және төлем терминалдарында қабылданған жоқ.

Сол кезде тұрғындардың қолында қалған ескі үлгідегі банкноттарды (2017 жылғы 3 қазанға дейін) бір жылдың ішінде кез келген екінші деңгейдегі банкте қолданыстағы банкноттарға айырбастауға мүмкін болды. Келесі үш жылда (2020 жылдың 4 қазанына дейін) бұл ақша белгілері Ұлттық банктің бүкіл ел бойынша 17 филиалында ғана қабылданды.

2020 жылғы 4 қазаннан бастап 2006 жылғы номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар енді заңды төлем құралы болып табылмайды.

«2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды алу мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы және Ұлттық банктің филиалдарында қабылдауға және айырбастауға жатпайды», – делінген Қазақстан Ұлттық банкінің хабарламасында.

 

2000 теңге

Айналымнан шығарылды және айырбастауға жатпайды: Бір жағында «Бәйтерек» монументі мен ашық алақан және екінші жағында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Алматы қ.) ғимараты бейнеленген жасыл екі мыңдық купюра қолданыстан шығарылды.

Қолданыстағы банкнот: қазір номиналы 2000 теңгелік екі түрлі купюра қолданылады. 2011 жылы шығарылған банкнот өзінен бұрынғы банкноттан кері жағындағы суретімен ерекшеленеді. Онда таулардағы шаңғышы және шығарылған жылы VII Қысқы Азия ойындарының символы бейнеленген.

2013 жылғы наурыздан бастап айналымда бір жағында «Қазақ Елі» монументі банкнот, ал екінші жағында Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының контуры орналасқан екі мыңдық банкнот жүр.

 

5000 теңге

Айналымнан шығарылды және айырбасталмайды: қазіргі уақытта 2006 жылы шығарылған бір жағында «Бәйтерек», ашық алақан және Қазақстанның Тәуелсіздік монументі (сырт жағы) бейнеленген бес мыңдық заңды төлем құралы болып табылмайды.

Қолданыстағы банкнот: қазір ұлттық валютаның енгізілуіне 15 жыл толуына орай 2008 жылы шығарылған 5000 теңгелік банкнот қолданылып жүр. Ол бұрынғы банкноттан алдыңғы жағында ұшып келе жатқан бүркіт түріндегі Spark қорғаныс элементінің болуымен ерекшеленеді.

Қолданыстағы ақша белгілерінің қатарында 2011 жылы шығарылған қызыл бес мыңдық бар. Онда «Қазақ Елі» монументі, ұшқан көгершіндер, Қазақстанның туы мен елтаңбасы бейнеленген.

 

10 000 теңге

Айналымнан шығарылды және айырбасталмайды: 2020 жылдың 4 қазанында 2006 жылы шығарылған он мың теңгелік банкноттың үлгісі өз күшін жоғалтты. Айыру белгілері – күлгін және көк түстер, негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі, ашық алақан және сырт жағында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы.

Қолданыстағы банкнот: айналымында үш нұсқадағы номиналы 10 000 купюра қалды.

2011 жылы «Қазақ Елі» монументі мен ұшқан көгершіндер бейнеленген 10 мың теңгелік купюра 30 000 000 тиражбен шығарылды, оның сырт жағында Ақорда бейнесінің жанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығының логотипі пайда болды.

2012 жылы осындай банкноттар Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы логотипінсіз шығарылды.

2016 жылы ақша қатары «Қазақ Елі» монументі, Алтын Адамның бас киімінің фрагменті және елорданың көріністері бар металл голографиялық жолақ бейнеленген 100 000 он мыңдық купюрамен толықтырылды, Банкноттың сырт жағында – ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың портреті бар.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button