Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдар ұзақ уақыт бойы басқаларға ауру жұқтыруы мүмкін екенін дәлелдейтін зерттеу жарияланды»

Казнет қолданушылары егілген адамдардың ұзақ уақыт бойы басқаларға ауру жұқтыруы мүмкін екенін дәлелдейтін зерттеу туралы ақпарат таратуда. Мұндай мәлімдеме жасалған жұмыс беделді ғылыми журналда жарияланған екен. Онда не жайлы айтылған және оның вакцинацияланған адамдардың басқаларға ауру жұқтыруы мүмкін екенін неге дәлелдемейтінін түсіндіріп өтейік.

Зерттеу осы жылдың 21 шілдесінде New England Medicine Journal журналында жарияланды. Ол «SARS-CoV-2 Omicron (BA.1) инфекциясы кезінде өсірілетін вирустың бөліну ұзақтығы» деп аталады.
Еріктілер ретінде ғалымдар тек COVID-19 жұқтырған адамдарды ғана қабылдаған. Вакцинация мәртебесі іріктеу кезінде аса рөл атқармады. Сондықтан зерттеу барысында егілген және егілмеген қатысушылардың үлесі бірдей болған жоқ. Іріктеуге барлығы 66 адам қатысты, оның 50-і егілген, ал 16-сы – егілмеген.
Бір қызығы, еңбек авторлары зерттеу нәтижелері қатысушылардың аз болуын ескере отырып, ұсынылған деректерді абсолютті деп санауға немесе ауқымды масштабта қолдануға болмайтынын атап өтті.
Зерттеудің қорытындысында пациенттер вакцинацияланған және вакцинацияланбаған деп бөлінбеген. Олар былай деп жазған: «Біздің мәліметтеріміз омикрон және SARS-CoV-2 дельта нұсқаларын жұқтырған кейбір адамдар белгілер пайда болғаннан кейін немесе алғашқы оң сынақтан кейін 5 күннен артық уақыт өткен соң өскен вирусты шығаратынын көрсетеді».
Демек, зерттеуде ауру жұқтырмаған вакцинацияланған және вакцинацияланбаған науқастардың көрсеткіштері емес, ауру жұқтырған пациенттердің көрсеткіштері салыстырылған. Яғни, зерттеу егілген адамдар біраз уақытқа дейін басқаларға ауру жұқтыруы мүмкін деген фактіні растайтын ақпарат жалған. Зерттеуде ауру адамдардың өсірілген вирусты қанша уақыт шығаратыны ғана түсіндірілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button