Конспирология

Фейк: «Картахен хаттамасына сәйкес адамдарды заңды түрде сатуға және сатып алуға болады»

Әлеуметтік желілерде жазылғандай, Картахен хаттамасына сәйкес, қазіргі заманғы адамдар «тірі өзгертілген ағзалар» болып саналады және оларды тауар ретінде заңды түрде импорттауға және экспорттауға болады екен. Картахен хаттамасында шын мәнінде не жайлы айтылған? Таралған ақпарат неге жалған? Түсіндіріп өтейік.


Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасы – бұл 2000 жылы елдер қол қойған және 2003 жылы күшіне енген халықаралық құжат. 
Ол тірі өзгертілген ағзалардың елдер арасындағы қозғалыс ережелерін реттейді. Бұл қоршаған орта мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. 
Хаттаманың толық мәтіні баршаға қол жетімді. Бірақ оның бірде-бір тармағында адамдар «тірі өзгертілген ағзалар» болып саналады деп айтылмаған.
Биоалуантүрлілік туралы конвенцияның ресми сайтында Картахен хаттамасы туралы көп қойылатын сұрақтар мен жауаптар бөлімінде «тірі өзгертілген ағзаларға» (ТӨА) аязға төзімді әрі белгілі бір ауруларға бейімділігін жоғалтып, көп өнім беретіндей өзгертілген генетикалық модификацияланған мәдени өсімдіктер жатады делінген. Сайттағы ақпаратқа сәйкес, ТӨА өнімдері болып тағамдық қоспалар, кейбір дәрі-дәрмек, консервілер, жүгері, соя туындылары және т.б. саналады. Бұл тізімде адамдар немесе жануарлар жоқ. 
Демек, бұл құжат адамдарды заңды түрде сатуға және сатып алуға мүмкіндік береді деген ақпарат жалған.
Картахен хаттамасы фейк ақпараттарда жиі айтылады. Бұған дейін біз оған қол қою арқылы елдер өз азаматтарына тәжірибелер жүргізуге рұқсат берді деген пікірді жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Елдер өз азаматтарына тәжірибе жүргізуге рұқсат берді»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button