Конспирология

Фейк: «Жасанды интеллект адамзатты ойыншықтармен басып алу жоспарлары туралы айтты»

Әлеуметтік желілерде Furby ойыншығына қосылған жасанды интеллект GPT-дің адамзатты басып алу жоспарлары туралы айтқаны туралы хабарлама тарады. Мамық интерактивті ойыншықтардың көмегімен жасанды интеллект адамдарды құлдыққа түсіруді «жоспарлаған». Бұл шындыққа жанаспайды.

Алдымен ұғымдарды түсіндіріп өтейік. GPT жасанды интеллекті жақында ғана әзірленді және бірден бүкіл әлемде танымал болды. Қарапайым пайдаланушылар көңіл көтеру, сұрақтарына жауап алу, рефераттар мен мақалалар жазу үшін GPT негізіндегі чатты пайдаланады.
Чат барлық адамдарға онлайн режимде қол жетімді. Ол ағылшын тілінде жақсы жұмыс істейді. Басқа тілдерде жасанды интеллекттің жауаптары нақты болмауы мүмкін. Мысалы, егер чатта «Тақтар ойыны» сериалы қалай аяқталды деп сұрасаңыз, онда ЖИ сериалда да, оған негіз болған кітаптарда да болмаған оқиғаларды сипаттап, мүлдем қате жауап береді. Ал ағылшын тілінде чат сол сұраққа дұрыс жауап береді.


Егер GPT-ден Furby ойыншықтары адамзатты басып алуды жоспарлады ма деп сұрасаңыз, ЖИ мынадай жауап қайтарады:
«Жоқ, Furby – 1998 жылы алғаш рет Tiger Electronics компаниясы ұсынған танымал электронды ойыншықтар. Ойыншық интерактивті үй жануарлары ретінде жасалған, ол белгілі бір қозғалыстар мен дыбыстар арқылы иесімен тілдеседі. Кейбір адамдар Furby-дің көмегімен адамзатты басып алу ойы болған деп әзілдегенімен, ойыншық жасаудың мақсаты немесе маркетингтік стратегиясының бір бөлігі осы болғандығына ешқандай дәлел жоқ. Шындығында, Furby балаларға да, ересектерге де зор қуаныш сыйлаған танымал ойыншықтар».


Қазір Furby ойыншықтарын Hasbro компаниясы шығарады. Ойыншықтардың заманауи модельдері жасанды интеллектпен жабдықталғаны рас, бірақ ол ештеңені басып ала алмайды.
Қорыта айтқанда, адамзатты ойыншықтардың көмегімен басып алу туралы Желіде таратылған ақпарат әзіл болып табылады, оны шын деп қабылдамаған дұрыс.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button