Пікірлер

Фейк: «Балаларды қызылшаға қарсы пандемиядан қалған белгісіз қытайлық вакцинамен егуде»

Әлеуметтік желілерде балаларды қызылшаға қарсы белгісіз қытайлық препаратпен мәжбүрлеп егіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Автордың пайымдауынша, бұл коронавирустық вакцинациядан қалған екпе болуы мүмкін. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.


«Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты болатын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға міндетті. Сонымен қатар, Кодекстің 77-бабына сәйкес, егілетін адамның не оның заңды өкілінің профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға құқығы бар. Елде қызылшаға қарсы вакцинация жүргізу үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаның өндірісі ДДҰ-ның қайта бағалауынан өткен, өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беріледі», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігінің ата-аналарға жасаған үндеуінде былай делінген: «Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, балаларда қызылшаға қарсы екпелердің болуына назар аударуларыңызды сұраймыз». Екпені тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, алуға болады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button