Пікірлер

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жатақханасының бөлмесінде құмырсқалар бар екендігі туралы видеоға қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жатақханасында түсірілген видео таралуда. Кадрларда төсекте өріп жүрген құмырсқалар көрсетілген. Оқу орнының әкімшілігі видеоға қатысты түсініктеме берді.

 

Университет таралған кадрлардың оқу орнына қатысы жоқ деп мәлімдеді.

«Бұған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ №5 жатақханасында түсірілді делінген бейнежазба шындыққа жанаспайды.
Университет қызметкерлері Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дың барлық студенттік үйлерін аралап шықты және бейнежазбадағы фактілер расталған жоқ.
Сондай-ақ жалпы бейнежазбаның біздің жатақханаға мүлдем қатысы жоқ екенін мәлімдейміз.
Өз кезегінде Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттер үйлерінде санитарлық-эпидемиологиялық режим қатаң бақылауға алынып, студенттердің жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалғанын айтқымыз келеді», – деді Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button