Пікірлер

Фейк: «Биометриялық мәліметтер алу үшін балаларды мектептерде суретке түсіреді»

Қазақстандық ата-аналарға арналған танымал Telegram-чаттардың бірінде балалардың биометриялық деректерін жасырын жинау үшін оларды мектептерде суретке түсіреді деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды.

Қазақстандық ата-аналарға арналған чатқа қатысушылардың бірі мектепте балаларға жалпы фотосессия өткізілгеніне арызданған. Оның пікрінше, осылайша әкімшілік оқушылардың биометриялық деректерін ата-аналардан жасырын түрде жинайды екен.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мұндай жағдай орын алмағанын хабарлады.

«Оқу-ағарту министрлігі тарапынан фотосессия жүргізуге нұсқау болған жоқ. Сондай-ақ министрлік оқушылардың биометриялық деректерін жинау туралы да тапсырма берген жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, биометриялық мәліметтерге саусақ іздері, көздік шатырша қабығы, алақандағы тамыр суреті және т.б. параметрлер жатады. Сонымен қатар бет-әлпетті танудың әртүрлі жүйелері биометрияға негізделген. Адамның жоғары сапалы фотосуретін қолдана отырып, олар кем дегенде 70 нүктеге негізделген бет моделін жасайды: көз, жақ сүйектері, ерін және т.б.. Нәтижесінде әлемде бір ғана тұлғаға сәйкес келетін бірегей модель пайда болады. Алайда, мұндай жүйелер өте қымбат және қазақстандық мектептерде олар жоқ. 2021 жылы Астананың екі мектебінде пилоттық режимде тұлғаны тану жүйесі іске қосылды. 

Демек, таралған ақпарат фейк. Қазақстандық мектептерде биометриялық деректерді тану жүйесі жоқ және оларды оқушыларға ұсыну талап етілмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button