Фейк: «Pfizer және үкімет вакцинамен халық санын қысқартпақ»
Ковидке қарсы вакцинация арқылы халықтың кемуі – бұл Билл Гейтс, Орталық барлау басқармасы, биотехнологтар мен генетиктер мәлімдеді деген жалған ақпарат. Ол көптеген әлеуметтік желілерде әртүрлі нұсқада тараған.
Фейкті шығарғандар оны әдейі бұрмалайды. Мәселен, Pfizer-дің бас директоры Альберт Бурланың дәйексөзі. Оның 2022 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінің бейнесі негізге алынған. Онда Бурла компания өз алдына Pfizer вакцинасын ала алмайтын адамдар санын 50% азайту міндетін қойды дейді. Роликті редакциялап, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар Pfizer директоры командамен бірге халық санын 50%-ға қысқартпақ деген ақпарат таратты. Фактчекерлер жоққа шығарғаннан кейін жалған видео көптеген әлеуметтік желілерден өшірілді.
Халықтың азаюы туралы теорияны 2022 жылдан бастап Жер планетасындағы адамдар саны 0,88%-ға өскені де жоққа шығарады.
2023 жылғы жағдай бойынша COVID-19-ға қарсы вакциналардың 13 млрд-тан астам дозасы егілген.
Келтірілген деректер таралған мәлімдемелерге қайшы келеді. КВИ-ге қарсы вакцинация жалғасуда, ал халық саны төмендеп жатқан жоқ, керісінше өсіп келеді.